Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігі антициклон әсерінде болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батыс аймақтарына фронталды бөліктер жылжиды,  кей жерлерінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп хабарлайды.
     Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 24-29 м/с сақталады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады, Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын,  Ақтөбе облысының кей жерінде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
01 ақпан 2018 ж. 1 137 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930