Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талантты өрен топ жарды

Талантты өрен топ жарды

 
   Жуырда Жанқожа батыр ауылы №94 мектептің оқушысы, жас әнші Мадияр Серік Болгарияда өткен «Star of the world» атты халықаралық байқауына қатысып, Гран-При мен үш алтын медаль иеленіп келді.
    Осыған орай Қазалы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев талантты өренді қабылдады.
   Кездесуде Мадияр Тұрарұлы Еуропа төріндегі елден алған әсерімен бөлісіп, байрақты бәсекеде әйгілі әнші Филипп Киркоровтың әкесі Бедрос Киркоров бастаған қазылар алқасы орнынан тұрып құрмет көрсеткен қуанышпен жеткізді.
Өз кезегінде аудан әкімі М.Нәлхожаұлы халықаралық деңгейде қасиетті Қазалының атын шығарған талантты баланы үлкен жеңісімен құттықтап, сый-сияпат табыс етті.
   Мұнан соң Мадиярдың әжесі Дәмегүл Сәрсенбай немересіне қолдау көрсеткен аудан басшысына алғысын айтып, ақ батасын берді.
   – Шәкіртінің кез келген бағындырған белесі ұстазы үшін үлкен мәртебе екені рас. Жалғыз ауданның емес, республикатының атын шығарып, оқушымының алтыннан алқа тағып жатқаны мен үшін де үлкен мәртебе. Жаңа оқу жылы басында мектебімізде мұндай ақжолтай жаңалық болып жатқаны жақсылыққа жоримыз балаймыз. Мадиярдың алдағы уақытта да талай шыңдардың бағындырарына сенімім кәміл, – дейді ән байқауына дайындаған жетекшісі Зағира Исалда.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
04 қыркүйек 2019 ж. 1 436 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 149

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 178

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 168

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 184

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031