Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі мерекедегі марапат

Мерейлі мерекедегі марапат

Кеше аудандық мәдениет орталығында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция­сы күніне арналған мерекелік жиын өтті. Салтанатты шарада жиналғандарға жылы лебізін жеткізген аудан әкімі Мұрат Ергешбаев осыдан 24 жыл бұрын қабылданған тарихи шешімнің маңыздылығына тоқталды. Жаңа дәуірге нық қадам басқан зайырлы мемлекеттің тұғырының нығаюына қазалылықтардың да үлес қосқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар осы кезге дейін ауданда атқарылған ілкімді істер мен алға қойылған міндеттерге де тоқталды.

– Жыл басынан өнеркәсіп кәсіпорындарында 8 миллиардқа жуық теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 19,5 процентке артқанын көрсетеді. Ауылшаруашылық құрылымдарынан 4,5 млрд теңге көлемінде өнім алынып, 111,5 млн теңге субсидия төленді. Негізгі кіріс көзі де өсім алып, 1,5 млрд теңгеге жетті.
Бүгінгі таңда ауданда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Қазір кенттің 5 квартал аумағында 18 пәтерлік 6 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Құрылыс аяқталған уақытта кезекте тұрған 100-ден астам адамды баспанамен қамтамасыз ететін боламыз. Сондай-ақ жыл аяғына дейін аудандық мекемелер үйі де пайдалануға беріледі. Биыл ел болып көптен күткен «Әлсейіт» көпірінің де игілігін көреміз.
Жыл аяғына дейін кент пен қала аралығынан 1500 адамға тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлетін боламыз. Бірнеше әлеуметтік нысандар салу да бас жоспарға енгізілді. Балабақша мен әкімшілік ғимараттар салып, екі аралықты 50 мың халық тұратын үлкен қалаға айналдырсақ деген ойымыз бар, – деді аудан басшысы.
Бұдан соң мереке қарсаңында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар азамат марапатталды. Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Азамат Нұрмаханов, аудандық сот қызметкері Бегалы Сарлыбаев, ҰҚК-нің қызметкері Лиза Көбегенова, Батыс аймақ бойынша ауданаралық басқарманың іс жүргізу жөніндегі инспекторы Әсем Жұбантаева, №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Аманжол Нұрғали құрмет төрінен көрінді. Бұдан бөлек аудандық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Дәурен Райымов, №25 мектеп мұғалімі Балнұр Мамен, аудандық аурухананың қабылдау бөлімі мейіркеші Айкүлан Жалымбет, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі Шакизада Абенова және Сарбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бақытбек Қаналыға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Салтанатты шара өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ
30 тамыз 2019 ж. 854 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930