Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпаққа жасалған мүмкіндік

Ұрпаққа жасалған мүмкіндік

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
«Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» делінген Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында. Кез келген төңкерістен ұтатын тұсымыз да, ұтылатын тұсымыз да болатыны сияқты, төртінші революцияның еңбек нарығымен қатар, өмір сүру салтын түбегейлі өзгертетініне дайын болу – біздің міндет.
Елбасы еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу сияқты міндеттерді алға қойды.
Жаңа дәуірде мектеп жасынан үш тілде білім беріп, пәннің өзін ағылшын тілінде оқыту – болашақ ұрпаққа жасалған үлкен мүмкіндік. Бұл – алдағы жақсы өмірге салынған үлкен инвестиция. Төртінші революциямен «Математика – ғылымдар атасы» делінген сөздің де дәуірі қайта оралды. Жаппай жаһандану кезеңінде математикалық білімі бар мамандар сұранысқа ие болып қана қоймай, еліміздің жаңа бағдарын жасайтын болады.
Асылбек ҚАНАЛИЕВ,
№88 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
31 қаңтар 2018 ж. 1 359 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 146

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 105

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031