Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық 340 оқушы «тұлпар мініп, ту алған» байқауына қатысады

Қазалылық 340 оқушы «тұлпар мініп, ту алған» байқауына қатысады

Қыркүйек айында өтетін«Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына Қазалы ауданынан 6-10 сыныптардан 40 оқушы қатысып, бағын сынайды.

Қазалы ауданында оқушыларды іріктеу жарысы 15 қыркүйек күні өткізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылатын байқауға қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әзірге оқушылардың дайындығы жаман емес. Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушылары Аймейір Әбдрахым, Гүлзира Қонысбай (жетекшісі Гүлфайруз Әлішова), Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушылары Азиза Айдарбекова, Айя Сердалы (жетекшісі Мейрамкүл Жөлекеш), №88 мектептің 8 сынып оқушысы Жазира Нұрқаш, 7 сынып оқушысы Айерке Төремұрат (жетекшісі Сұлтанғазы Томай) және тағы басқа оқушылар Қобыланды батыр жырын түгелдей жаттап алды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
29 шілде 2019 ж. 1 064 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 305

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031