Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Досаев банктің "қара тізіміне" енгендерді не күтіп тұрғанын айтты

Досаев банктің "қара тізіміне" енгендерді не күтіп тұрғанын айтты

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев коллекторлық бюроға кеткен кредиттерді мемлекет өтеп бермейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер бас банкирден коллекторлық бюроға кеткен қарыздар туралы сұрады.

"Кредитті белгілі бір уақытта төлемесе, ол коллекторлық бюроға кетіп қалады. Осындай қарыздар мемлекет есебінен өтеле ме? Ондай азаматтар жеңілдік ала ма?", - деп сұрады журналистер. Досаев "жоқ" деп қысқа ғана жауап берді.

Бас банкирдің айтуынша, банктер баланста тұрған азаматтармен ғана жұмыс істейді.

"Коллекторларға кеткені кетті. Банктер баланста қалғандармен ғана жұмыс істейді", - деді Досаев.

Осыдан кейін бас банкир журналистердің қоршауын бұзып, жылдам кетіп қалды. Айта кетейік, президенттің тапсырмасы бойынша кепілсіз кредит алған 5 миллионға жуық адамның айыппұлдары мен өсімақылары өтеледі. Ал тұрмысы төмен азаматтар үшін осындай жеңілдікпен бірге 300 мың теңгеге дейінгі қарыз сомасы кешіріледі. Бірақ кредиттің сомасы 3 миллион теңгеден аспауы қажет. Тұрмысы төмен азаматтардың қатарына көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, жетім балалар және атаулы әлеуметтік көмек алатындар жатады. Бүгін парламент мәжілісі тиісті заң жобасын мақұлдады. Енді оны сенатта қарайды.
alashainasy.kz



04 шілде 2019 ж. 1 563 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031