Қай елдерге визасыз кіре аламыз?

Визасыз аралауға болатын елдердің толық тізімі:
Әзірбайжан: визасыз 90 күнге дейін;
Албания: 90 күн виза қажет етпейді;
Антигуа және Барбуда: 1 айға дейін виза қажет емес;
Аргентина: 30 күн виза қажет етпейді;
Армения: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Бангладеш: шекарадан 30 күнге дейінгі визаны 70$-ға алуға болады;
Барбадос: 28 күн виза қажет емес;
Бахрейн: 14 күнге дейін визаны шекарадан немесе электронды түрде алуға болады;
Беларусь: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Бенин: 8 күндік визаны шекарадан немесе 30 күнге электронды түрде алуға болады;
Боливия: визаны шекарадан алуға болады (бағасы шамамен 100 $);
Бразилия: 30 күнге дейін виза қажет емес (1 жыл ішінде ғана);
Бурунди: 1 айға визаны шекарадан алуға болады (алдын ала рұқсат керек);
Шығыс Тимор: 30 күндік визаны шекарадан 30 $-ға алуға болады;
Въетнам: 30 күнге электронды виза жасатуға болады;
Габон: Либревилл аэропортына келген соң электронды виза жасатуға болады;
Гаити: 3 ай виза қажет емес;
Гвинея-Бисау: 90 күнге дейінгі визаны шекарадан алуға болады немесе электронды түрде жасатуға болады;
Гонконг (ҚХР): 14 күн виза қажет етпейді;
Гренада: визаны шекарадан алуға болады;
Грузия: 365 күнге дейін виза қажет емес;
Джибути: электронды виза жасатуға болады (31 күн);
Доминика: 21 күн виза қажет емес;
Доминикан Республикасы: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Египет: 30 күнге дейін виза қажет емес, алайда тур тек туристік агенттік арқылы ғана ұйымдастырылуы керек;
Замбия: шекарадан 3 айлық визаны 50$-ға алуға болады;
Зимбабве: визаны шекарадан 3 айға алуға болады;
Индия: электронды виза жасатуға болады;
Индонезия: 30 күн виза қажет емес;
Иран: 30 күнге дейінгі виза елдің халықаралық аэропортынан ғана беріледі;
Иордания: шекарадан 3 айға арналған визаны 40 иордан динарына алуға болады;
Кабо-Верде: визаны шекарадан алуға болады;
Камбоджа: 30 күнге арналған визаны шекарадан алуға болады немесе электронды түрде жасатқан дұрыс;
Катар: 1 айға арналған визаны Хамад аэропортына келгенде алуға болады немесе электронды нұсқа әрдайым қолжетімді;
Кения: шекарадан 50$-ға 3 айға арналған визаны алуға болады немесе электронды виза алуға болады (100$-ға Шығыс Африка визасын алуға болады. Ол арқылы Уганда мен Руандаға да баруға болады.);
Қытай (тек Хайнань провинциясы): 30 күнге дейін виза қажет емес (тек тур агенттік арқылы); ШҚО азаматтары Чугучак пен Зимунайды 3 күн визасыз аралай алады;
Колумбия: 90 күн виза қажет емес;
Комор аралдары: визаны шекарадан алуға болады;
Коста-Рика: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Қырғызстан: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Лаос: визаны шекарадан 30 күнге 30$-ға алуға болады;
Лесото: электронды виза жасатуға болады;
Ливан: 1 айға визаны Бейрут аэропортына келгенде алуға болады;
Маврикий: 60 күндік визаны шекарадан алуға болады;
Мавритания: визаны шекарадан алуға болады;
Мадагаскар: 90 күнге дейінгі визаны шекарадан алуға болады;
Макао (ҚХР): 30 күндік визаны шекарадан алуға болады;
Македония: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Малайзия: 30 күнге дейін виза қажет емес;
Мальдивы: 30 күнге дейінгі виза елге келгенде беріледі (қосымша ақша төлеп 90 күнге создыруға болады);
Микронезия: 30 күнге дейін виза қажет емес;
Мозамбик: 30 күнге арналған визаны елдің халықаралық аэропорттарынан 80$-ға алуға болады;
Молдова: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Монғолия: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Мьянма: 28 күнге электронды виза жасатуға болады;
Намибия: 3 ай виза қажет емес;
Непал: визаны шекарадан алуға болады (90 күнге дейін);
Никарагуа: 90 күнге дейінгі визаны шекарадан алуға болады;
Ниуэ (Жаңа Зеландия тер.): 30 күнге виза қажет емес;
БАӘ: 30 күнге виза қажет емес;
Кук аралдары (Жаңа Зеландия тер.): 31 күн виза қажет емес;
Палау: 30 күнге дейінгі визаны шекарадан 130$-ға алуға болады;
Ресей: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Руанда: шекарадан келгенде виза немесе электронды виза алуға болады (100$-ға Шығыс Африка визасын алуға болады. Ол арқылы Уганда мен Кенияға да баруға болады.);
Самоа (Батыс Самоа): елге келгенде рұқсатпен кіруге болады (60 күнге дейін);
Сейшель аралдары: елге келгенде рұқсатпен кіруге болады (3 айға дейін);
Сент-Винсент және Гренадиндер: 1 ай виза қажет емес;
Сербия: 30 күн виза қажет емес;
Сингапур: 30 күнге электронды виза, транзиттік билет 96 сағатқа беріледі;
Сомали: 30 күнге визаны шекарадан алуға болады. Босасо, Галкайо, Могадишо аэропорттары арқылы;
Тәжікстан: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Тайланд: 15 күнге дейінгі визаны шекарадан 2000 батқа алуға болады;
Того: 7 күндік визаны шекарадан алуға болады;
Тувалу: виза елге келгенде беріледі (1 айға дейін);
Тунис: тур турагенттікпен ұйымдастырылса виза қажет емес;
Түркменстан (тек Балқан уәлаяты): Атырау және Маңғыстау облысының азаматтары Балқан уәлаятын 5 күн визасыз аралай алады;
Түркия: 30 күн виза қажет емес;
Уганда: 3 айға арналған визаны шекарадан алуға болады және электронды виза жасатуға да болады (100$-ға Шығыс Африка визасын алуға болады. Ол арқылы Руанда мен Кенияға да баруға болады);
Өзбекстан: 30 күнге дейін виза қажет емес;
Украина: 90 күн виза қажет емес;
Филиппин: 30 күн виза қажет емес;
Черногория: жаз мезгілінде 30 күн виза қажет емес (2018 жылдың 4 сәуір-30 қазан аралығы);
Шри-Ланка: елге келген соң 40$-ға 30 күндік виза алуға болады немесе 35$-ға электронды рұқсат беріледі;
Оңтүстік Корея: 30 күнге виза қажет емес;
Эквадор: 90 күнге дейін виза қажет емес;
Эфиопия: Боле аэропортына келген соң электронды виза жасатуға болады;
Ямайка: шекарадан өтерде 100$-ға виза алуға болады;
Нақты белгілі емес даулы аймақтар:
Абхазия: 14 күнге дейін виза қажет емес;
Таулы Қарабақ Республикасы: виза қажет емес;
Палестина: виза қажет емес;
Транснистрия Молдов Республикасы: виза қажет емес;
Солтүстік Кипр: виза қажет емес;
Сомалиленд: 30 күндік визаны елге келгенде алуға болады;
Оңтүстік Осетия: виза қажет емес.