Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық компаниялар Иранға 60 млн доллардың өнімдерін экспорттайтын болады

Отандық компаниялар Иранға 60 млн доллардың өнімдерін экспорттайтын болады

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Иран Ислам Республикасына ресми сапары аясында 24-26 сәуір аралығында Тегеранда еліміздің үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтуде, деп хабарлайды zakon.kz
"QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы ұйымдастырған шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, азық-түлік, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия тауарларын өндіретін қазақстандық 20 компанияның, екі елдің бірлескен Сауда палатасының, Иранның Сауда-өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығы палатасының өкілдері, сондай-ақ ирандық тараптан 150-ден астам компания өкілдері қатысты.
Іскерлік кездесулер нәтижесінде Қазақстаннан Иранға тыңайтқыштар, май өнімдерін, ірі қара және ұсақ мал етін жеткізу бойынша $60 млн-нан астам сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.
ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, 2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $528 млн-ды құрады, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға жоғары. Бұл ретте қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға жеткізілімдерді одан әрі арттыруға дайын.
Сауда-экономикалық миссия аясында ирандық компаниялар қазақстандық фосфатты тыңайтқыштар, ферроқорытпалар және азық-түлік өнімдерін өндірушілерге жоғары қызығушылық танытты. Өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Айта кетсек, 2023 жылы 26 сәуірде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келіп жеткені хабарланған болатын.
26 сәуір 2023 ж. 235 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 3

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031