Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай банктің салымын қолай көресіз?

Қай банктің салымын қолай көресіз?

Қазіргі таңда банк клиенттері белгілі бір шот ашып, өздері пайдалана алатын қаражаттарын депозитке жиі аударып отыра алады. Осы тұрғыдан алғанда депозит дегеніміз, ақшаны сақтаудың ең тиімді тәсілі болып тұр. Кез келген жағдайда қомақты қаржыны үйде немесе банк картасында сақтағаннан гөрі депозитке сақтаған әлдеқайда сенімдірек көрінеді.
Қаржыгерлер банк депозитіне са­лын­ған қаржының келешекте қанша үстемақы таба­тындығында емес, табыстан қанша ақша­ қалатынына байланысты екендігін айтып, қаражаттын ай сайын 10%-ын болса­ да депозитке салып отыруға кеңес береді. Ол үшін салған ақша аз уақытта табыс­ түсірсін десеңіз, пайыздың өсімі жоға­ры депозит таңдау керек, әрине. Десек те, банктердің депозиттегі жылдық өсімі бірдей болғанымен, ақша сақтау шарттары әр бөлек. Депозиттен алынбайтын сомасы да әртүрлі.
Мәселен, Altyn банкте 1000 теңгеден бас­тап, 150 мың теңгеге дейінгі аралықта екендігін айтсақ, ақшаны сақтау мен алу мер­зімі де өзгешелеу. Еліміздегі ең сенімді қаржы институттары ретінде ірі банктердің ұсыныстарын қамти отырып, үздік он банктің ішінде толықтыру мүмкіндігі бар, бірақ 2 жыл мерзімге ішінара алу құқығынсыз депозиттерді Bereke Bank, Bank RBK, ForteBank, Еуразиялық Банк, Фридом Финанс Қазақстан Банкі және Halyk Bank қарастырып отыр. Сегменттегі ең жоғары 11,6% мөлшерлемені Bereke Bank, одан кейін 10,6%-бен ForteBank, 7,6%-дық көрсеткіште Еуразиялық банк пен Фридом Финанс Қазақстан банкі ұсынады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі Bereke Bank-те – 12,2%-ды, Bank RBK-да – 11,5%-ды және Forte Bank-те – 11,1%-ды құрайды. Сегменттегі ең төменгі депозит сомасы – 15 мың теңге. Оны 5 банк береді. ForteBank депозитінің ең аз сомасы 100 мың теңгені құрайды.
Сарапшылар бірнеше жыл бұрын депозит мөлшерлемесі 9%-10% болғанын, сон­дық­тан 2 жылға 11,6% немесе одан да көп мөл­шерлемені бекіту көңілге қонымды көр­сеткіш екендігін алға тартады. Ал алты айлық кезеңдегі көрсеткіш бұдан жоғары болмақ. Жинақ салымдарының маңызды артықшылықтарының бірі осында, яғни мөлшерлемелерді ұзақмерзімді бекіту мүмкіндігінде.
Дегенмен болашақ салымшыларға ың­ғайлы болу үшін басқа кезеңдерге арнал­ған­ мөлшерлемелер туралы, мәселен, Bereke­ Bank-тің бұл депозит түрі бойынша ЖТСМ бір жылға – 14,5% , алты айға – 17%. Bank RBK-да бір жылға – 14,5%, алты­ айға – 15,5%. ForteBank-те бір жылға – 14,4% , алты айға –17%. Халықаралық зерттеулерге қарағанда, көптеген елде депозиттер бойынша кепілдік берілген сома жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімнің екі еселенген мөлшерінен аспайды. Сонымен қатар еліміздің банктері заңды тұлғаларға әртүрлі мерзімге және әртүрлі мақсатқа депозиттер қарастырған. Бизнеске қажетті ақшаны банкке бірнеше немесе бір күнге орналастырған кезде белгілі бір пайда алуға мүмкіндік беретін «қысқа» депозиттері тағы бар.
Мұндай қысқамерзімді депозиттер­ ком­­­­­панияларға ақшаны өте қысқамерзімге айна­­лымнан шығару арқылы, олар сұра­ныс­­қа ие болмаған кезде қосымша табыс алу­ға мүмкіндік береді. Елімізде бизнес депо­­зиттері он ірі банкте бар. Оның ішінде заң­ды тұлғаларға 1 күн және одан да көп мер­зімге депозиттерді 6 банк ұсынып отыр. Депо­зиттер үшін банктер көрсеткен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бір жыл мерзімге қарастырылған, бірақ қаражатты орналастырудың нақты мерзіміне байланыс­ты мөлшерлемелер әртүрлі және бір күнге немесе бірнеше күнге орналастырған кезде клиент­ үшін жеке есептелуі мүмкін екендігін ескер­­ген жөн. Сегменттегі ең жоғары жыл­­дық тиімді сыйақы мөлшерлемесі ForteBank-те – 15,2%.
Айтылып отырған Forte Capital өнімі, биз­неске қаражатты 1 күннен 1 жылға дейін жалпы алғанда 365 күн орналастыруға мүмкіндік береді. Одан кейін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14,5%-бен орналастыру мерзімі 1 күннен 3 жылға дейін Halyk Bank, 13%-бен, орналастыру мерзімі 1 күннен 12 айға дейін ЦентрКредит банкі бар. Овернайт, яғни 1 түн немесе одан да көп мерзімге қаражатты орналастыру мүмкіндігі ForteBank пен Jusan Bank-те бар. Бұл жағдайда тарифтер жеке есептеледі.
Айта кетейік, биыл 1 наурызда заңды тұлғалардың ЕДБ-дегі депозиттері бір айда 4,7%-ға азайып, 13,7 трлн теңгені құраған. Ақпан айындағы көрсеткіштердің төмендеуін бірден еліміздегі 21 ЕДБ-нің 18-і және сектордағы жетекші он банктің барлығы дерлік сезінді. Ұлттық банк мұндай қысқаруды айырбас бағамының өзгеруінен бөлек секторға дәстүрлі тоқсан сайынғы салық аптасы – жер қойнауын пайдаланушылардың салық төлеу мерзімі әсер еткенімен түсіндірді.
«Қазіргі уақытта заңды тұлғалардың депозиттерінің азаюы және тиісінше Ұлттық банктегі мемлекеттік шоттардағы қаражаттың ұлғаюы байқалады», деп түсіндірді ақша-кредит саясатын реттеуші мамандары.
Қаңтарда заңды тұлғалар депозит­те­рі­нің көлемі 2,1%-ға төмендеп, 14,4 трлн теңгені құраған. Дегенмен алғашқы он банктің ішіндегі 4 қаржы институтында көрсеткіш өскен.
ForteBank – 7,1%-бен 1,4 трлн теңгеге дейін;
ЦентрКредит банк – 2,2% бен 1,3 трлн теңге;
Bank RBK – 0,4%-бен 890,8 млрд теңге;
Altyn Bank – 0,3%-бен 441 млрд теңге.
20 сәуір 2023 ж. 290 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930