Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бір жасқа толмаған 10 мың бүлдіршіннің атында депозит бар

Елімізде бір жасқа толмаған 10 мың бүлдіршіннің атында депозит бар

Елімізде балалар депозитіне деген сұраныс күннен күнге артуда.

Аталған депозит түрі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жиналған қаражат сомасы - 10,7 млн теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде осы қызметті пайдаланып, 164 817 ата-ана өз балаларына есепшот ашқан. Ал, дәл осыдан бір жыл бұрын банктегі балалар депозитінің саны 144 682-ні құраған болатын. Негізінен, банктегі шоттар 1 жастан 10 жасқа дейінгі сәбилерге ашылған. Қазіргі сәтте осы жас аралығындағы балалардың атында 88 761 депозит бар. Екінші орында тұрғандар – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 10 жастан 18 жасқа дейінгі салымшылары. Оларға ашылған жалпы депозит саны – 65 480. Ал, үшінші кезекте - банктің ең кішкентай клиенттері, яғни, 1 жасқа дейінгі сәбилер. Олардың атына бүгінде 10 576 депозит ашылған.

«Жалпы, жыл сайын балалар депозитіне деген сұраныс әсіресе күз айында, атап айтсақ, балалардың мектепке баратын кезінде ерекше байқалады. Дәл осы сәтте көпшілік ата-ана балаларының өсіп келе жатқанын ескеріп, олардың жарқын болашағы үшін жағдай жасау керектігі жөнінде шешім қабылдайды (мәселен, тұрғын үйге инвестиция салу). Сондықтан, олар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашып, қаражат жинақтай бастайды. Ал банк, өз тарапынан әрбір салымшының жинаған ақшасына жыл сайын мемлекеттік сыйақы мен банк сыйақысын төлейді. Мұның бәрі бірігіп салым бойынша жылдық 13% көлеміндегі жылдық тиімді мөлшерлемені құрайды» делінген хабарламада.

Тағы бір айта кететін жайт, балалар 18 жасқа толғанда керемет жеңілдіктердің біріне, яғни, жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй займын несиеге алу мүмкіндігіне ие болады.

Балаларға арналған депозитті әрбір ата-ана өзіне ыңғайлы кез келген жерде және уақытта, тіпті перзентханада да ашуына болады. Ол үшін тек банк кеңесшісін шақырту жеткілікті. Ал, депозитті ашар кезде сәбидің туу туралы куәлігі мен оның ата-анасының біреуінің жеке куәлігі қажет.

Жалпы, балалар депозиті - кез келген сәбидің болашақ баспанасына қаражат жинақтаудың тамаша мүмкіндігі. Ол, сондай-ақ, «Отбасылық пакеттің» бір бөлігі ретінде қаражат табыстылығын арттырып, өз үйіне қаражат жинап жатқан отбасының тұрғын үй займын тезірек алуына жол ашады.
07 қыркүйек 2019 ж. 798 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930