Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк: Шетел валютасын әкетуге шектеу енгізілді

Ұлттық банк: Шетел валютасын әкетуге шектеу енгізілді

Әлемдегі геосаяси ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстанның қаржы нарығында құбылмалылық арта түсті. Бұл ретте Ұлттық банк бірқатар шараларды іске асырмақ. Бұл туралы еліміздің бас банкирі Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банк ең алдымен валюта нарығын тұрақтандыру мәселесін қолға алмақ. Өз баяндамасында Ғалымжан Пірматов негізсіз күрт ауытқулар кезінде Ұлттық Банк жекелеген күндері валюталық интервенция жүргізіп, оның көлемі ақпанда 273,7 млн доллар болғанын атап өтті. Ал наурызда қосымша санкцияларға, соның ішінде Ресейдің мұнай өнімдерін импорттауға АҚШ-тың тыйым салуына байланысты 542 млн долларға интервенция жүргізілді.
«Қаржылық тұрақтылық тәуекелдерінің алдын алу және алыпсатарлық сұраныстың қысымын төмендету мақсатында ҚР Президентінің Жарлығымен елден 10 000 АҚШ долларынан жоғары қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын, салмағы 100 грамнан асатын тазартылған алтынды, алтын құймаларды әкетуге шектеу енгізілді. Бұл қолма-қол шетел валютасының шамадан тыс әкетілуін бақылауды және Ұлттық Банк резервтерінің сақталуын қамтамасыз етеді», - деді Ұлттық банк төрағасы.
Екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық Банк Қазақстанға қолма-қол шетел валютасын жеткізу жөніндегі шаралардың бүкіл тізбесін қабылдауда. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер шоттардағы, депозиттердегі және бағалы қағаздардағы қалдықтар түріндегі өтімді валюталық активтердің жеткілікті көлеміне ие. Сонымен қатар Ұлттық банк инфляциялық тәуекелдерді төмендету жұмыстарын жүргізбек.
«Геосаяси ахуал нашарлап, сыртқы тәуекелдердің жүзеге асуы жағдайында инфляция болжамы жоғарылау жағына қарай қайта қаралуда. Инфляцияның 2022-2023 жылдардағы нысаналы дәлізден жоғары болып қалыптасу тәуекелі артты. Осы тұрғыда Орта мерзімді кезеңде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын тиімді іске асырған жөн. Азық-түлік инфляциясын тұрақтандыру инфляцияны төмендетуде маңызды болып саналады. Ұлттық Банк әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ғана емес, инфляцияға елеулі үлес қосатын басқа да тамақ өнімдері бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс деп есептейді», - деп нақтылады ол.
15 наурыз 2022 ж. 646 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 42

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 57

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031