Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады

Үкімет теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады

Украина мен Ресей арасында болып жатқан қақтығыс салдарынан жағдай бұдан әрі нашарлаған кезде Ұлттық Банк қаржылық және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауын жалғастырады. Бұл туралы Ұлттық банк Төрағасы Үкімет отырысында айтты.«Ол үшін Ұлттық Банкте барлық қажетті құралдар бар және Ұлттық Банк оларды орынды пайдалануда. Мемлекеттің жалпы халықаралық резервтері 25 ақпанда 87,7 млрд доллар (айдың басынан бастап өсім 346 млн доллар), оның ішінде Ұлттық қордың активтері – 54,0 млрд доллар, алтынвалюта резервтері – 33,7 млрд доллар болды. Ұлттық Банк нарықтық бағам белгілеуге кедергі келтірмей және белгілі бір бағам деңгейінің таргеттелуін болдырмастан, еркін өзгермелі бағам кезінде инфляциялық таргеттеу режимін ұстануды жалғастырады», - деді Ғалымжан Пірматов.
Бұл ретте, Ұлттық банк қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдер күшейген жағдайда валюталық интервенцияларды жүргізуді жалғастырлмақ.
Қабылданатын шаралар кешені теңгедегі активтердің тартымдылығын сақтауға, долларлану тәуекелдерін және айырбастау бағамына қысымды төмендетуге, сондай-ақ инфляцияның елеулі түрде өсу тәуекелдерін жеңілдетуге бағытталған.
Өз кезегінде Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірнеше күннен бері тиісті шешімдерді қабылдағанын айтты.
«Үкімет пен Ұлттық Банк Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға кірісті. Жоспар инфляцияны бақылауда ұстауға, валюта нарығында тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталып отыр. Қаржы нарығы мен теңгелік депозиттердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесе отырып, теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады. Оған сәйкес, теңге депозиттер бойынша сыйлықақы қосу көзделген», - деді Премьер-министр.
Сондай-ақ, бағалардың өсуіне жол бермеу үшін Үкімет Ұлттық Банк және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша жаңа шаралар кешенін қабылдады. Осы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын қаржыландыру, оның ішінде, субсидиялау мен кредиттерге кепілдік беру ұлғайтылады.
01 наурыз 2022 ж. 566 0

Еңбегімен елге елеулі

21 мамыр 2024 ж. 34

Өнерпаздар бақ сынады

21 мамыр 2024 ж. 18

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031