Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстаннан шетелге 130 млрд доллар шығарылған

Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстаннан шетелге 130 млрд доллар шығарылған

Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстаннан шетелге 130 млрд доллар шығарылғанICIJ - Журналистердің Халықаралық Консорциумы банк жүйесі арқылы заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастырған күдікті операциялар туралы зерттеу нәтижесін жариялады. Қарапайым тілмен түсіндірсек, елден заңсыз жолмен шығарылған немесе қайнар көзі көрсетілмеген қаражаттар туралы есеп, деп жазады Абай.кз сайты.
Бұл жаңа зерттеу АҚШ Қаржы министрлігінің (FINCEN), сондай-ақ, Франция, Швейцария, Ұлыбритания және Австриядағы бірқатар қаржылық бақылау органдарының мәліметіне негізделген күдікті операциялар туралы ақпараттарды қамтиды. Зерттеуде 88 елге қатысты адамдардың аттары жазылған. Ал, жобаға 400-ден астам журналист қатысқан.
Осы 88 елдің ішінде қазақстандық олигархтар да бар екен. Олигархтар ғана емес, шенеуніктер мен саясатшылар да бар-мыс.
Uralskweek.kz сайтының жазуынша, жаңағы ICIJ тізімінде қазақстандық дәулеттілер - Болат Өтемұратов, Болат Назарбаев, Қайрат Сатыбалды, Владимир Ким мен Тимур Құлыбаев, шетелде жүрген экс-банкир Мұхтар Әблязов пен экс-сенатор Дариға Назарбаева да бар көрінеді.
Сонымен қатар, аталған зерттеуде Қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов пен Храпуновтар отбасы туралы деректер де бар.
Мәселен, зерттеуде Мұхтар Әблязовтың қаржысы бірнеше жыл бойы АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Кипр, Латвия  банктері арқылы айналымда болғаны жазылған. Бұл туралы Азаттық сайты жазыпты.
FinCEN құжаттарынан анықталғандай, Әблязов 2008-2016 жылдары 27 банк арқылы 666 миллион доллар аударған.
Ал, Храпуновтар отбасы туралы мәліметте 2013 жылдан 2015 жылға дейін Ильяс Храпуновтың бақылауындағы компания JPMorgan Chase және Bank of America есепшоттарынан АҚШ, Швейцария, Люксембург, Сейшел аралдары, Франция және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі банк шоттарына 20,5 миллион доллар жібергені айтылады.
ICIJ зерттеуі туралы Азаттықтың жазуынша, Ілияс Храпунов Делавэр штатындағы компания арқылы Огайодағы молл құрлысына инвестиция үшін деп Феликс Сатердің (түрлі қылмыстық топтармен қатысы бар деп бірнеше рет күдікке ілінген бизнесмен) компаниясының Wells Fargo банкіндегі есепшотына 5,2 миллион доллар аударған.
Бұдан бөлек, Храпунов 2012 және 2013 жылы 335,522 долларды Сатердің American Express банкіндегі есепшотына жіберген. FinCEN құжаттарына сай, American Express бұл ақша аударымын күдікті деп санаған.
ICIJ мәліметіне сәйкес, Қазақстаннан шетке кеткен және ұрланған ақшаның жалпы көлемі 130 миллиард доллардан асады екен. Мұндай ірі сома зерттеуді дайындаушылардың да үлкен таңданысын тудырған. Себебі зерттеушілер соңғы 7 жылдағы ақпараттарға ғана шолу жасаған.
23 қыркүйек 2020 ж. 1 800 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930