Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сандық жүйедегі сапалы медицина

Сандық жүйедегі сапалы медицина

Адам өмірі басты құндылық екені белгілі. Қазақстанда медицина саласын озық технология түрлерімен жабдықтау жұмыстары жемісті жалғасып келеді. Қызмет көрсету сапасын арттыру, науқастарға жедел және қолжетімді көмек беру жолдарының жөнге қойылғаны құптарлық іс. Мамандардың айтуынша, қазір әлемде денсаулық сақтау саласын компьютерге көшірудің үшінші толқыны жүріп жатыр. Көшке ілесіп, салауатты өмір салтын ұстанатын алдыңғы қатарлы қоғам құру үрдісін алға жылжыту кезек күттірмейтін мәселе.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында осы бағытта жаңа қадамдар жасалынуда. Жақында ғана ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңесі дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын сұрыптауға жасанды интеллектті қолданатын пилоттық жобаны бастады. Мұнда әлемдік IBM Watson жобасын сандық құрылымға енгізді. Бұл емделуші мен емге қатысты ақпаратты жедел анықтаудың жаңа түрі. Нәтижесінде диагноз қою 1-2 аптаны қажет ететін онкологиялық дерттің хабарын бір минутта алып береді. Жасанды интеллект бактерияларды 95 процент дәлдікпен анықтайды. Мұнда қол еңбегіне жұмсалатын 210 күнді 160 күнге азайтуға мүмкіндік бар.
2022 жылға дейін сандық жүйеге көшу барысында елдің барлық алыс аймағында орналасқан емханаларды компьютермен және интернетпен толық қамтамасыз ету жоспарланған. Нәтижесінде науқастар әртүрлі зертханалық талдаулардың қорытындысын алу үшін енді емхананың есігін тоздырып бармайды. Дәрігердің қабылдауына жазылу, мамандарды үйге шақыру секілді қызметтер электронды түрде, мобильдік қосымша арқылы жүзеге асады. Қызметтің электронды түріне ауысу жарты миллиард теңгені үнемдеуге септігін тигізеді. Қағазбастылықтан арылып, медициналық көмектің қолжетімділігін оңайландырудың тиімді тұстары өте көп.
Global Market Insights бүкіләлемдік статистикалық көрсеткішінде әлемдік цифрлы медицина нарығының ауқымы осыдан үш жыл бұрын 51,3 млрд долларды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 504,4 млрд долларға дейін жетеді деп болжам жасаған.
Ауданда қағазсыз медицинаның алғашқы қадамдары сәтті жасалды. Дәрігерлер мен емделушілерге арналған бағдарлама, науқастар қолдана алатын мобильді қосымша енгізілді. Мұнда азаматтардың денсаулығы жайында барлық ақпарат тұратын жеке кабинет қамтылған. Сонымен бірге анализ қорытындысын онлайн түрде бақылап, қажет уақытта жедел жәрдем шақырту мүмкіндігі де бар. Электронды тіркелім, емдеуге жатқызу порталы да жақсы жұмыс атқарып тұр.
Емханаларда соңғы жеті айдың ішінде электронды үкімет egov.kz веб порталы арқылы 11100 қызмет ұсынылған. Аудандық аурухана бойынша «ДамуМед» мобильдік қосымшасын пайдаланушылар саны 16721 тұрғынды құрады.
Бұл жөнінде Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігері Гүлжиһан Нысанова:
– Аудандағы барлық емдеу және алдын алу ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік медициналық қызмет¬тер тізбесі ілінген. Сандық жүйенің арқасында дәрігерлер қағазбастылықтан арылды. Науқастың жағдайын қашықтан бақылап, мониторинг жасай алады. Телемедицинаны қолдану барысында аудан тұрғындарының денсаулық жағдайын облыстық мамандармен бірігіп бақылауда ұстауға мүмкіндік туды. Жоспарлы түрде жаңа жүйеге ауысудың пайдасы мол. Жылдамдық біздің саладағы басты қару екені белгілі. Сапалы, жедел ем жасау, емделуші жағдайына онлайн қатынасу, диагноз қою өлім санын азайтуда, адам өмірін аман алып қалу жолында таптырмас дүние, – деген толымды пікірін жеткізді.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ

03 қыркүйек 2019 ж. 2 600 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930