Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 жылдан бастап медицина мамандығын таңдаған талапкерлер арнайы емтихан тапсырады

2019 жылдан бастап медицина мамандығын таңдаған талапкерлер арнайы емтихан тапсырады

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева келесі жылдан бастап медицина саласын таңдаған талапкерлерге талап күшейтілетінін айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде 5 мемлекеттік медициналық жоғары оқу орны, 4 мемлекеттік емес жоғары оқу орны, көп профильді білім беру ұйымдар құрамындағы 6 факультет медициналық білім береді. Жалпы, биылғы оқу жылында оқуға, бірінші курсқа 6 мың 373 адам қабылданды. Ал 2018 жылы 6 мың 496 адам оқу бітірді», - деді Ақтаева Сенатта өтіп жатқан «ҚР-да кәсіптік білім беру сапасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелде.

Вице-министрдің айтуынша, медициналық жоғары оқу орындарына түсуге студенттерді іріктеу үшін оларды арнайы емтиханнан өткізу қажеттігі заң жүзінде енгізілді.

«Яғни, келесі жылы 2019 жылғы талапкерлер арнайы емтихан тапсыратын болады», - деді Ләззат Ақтаева.


24 желтоқсан 2018 ж. 1 223 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 87

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 88

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031