17–23 маусымға арналған жұлдыз-жорамал
Бұл аптада не тындырамын? Мені не күтіп тұр? Проблемамды шеше аламын ба? Қандай қуаныш бар, қандай оқиға болады? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 17– 23 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
жалған қағидаларын басшылыққа ала отырып өзіне проблема тауып алады. Өзін қоршаған адамдардың арасында ерекше көзге түскісі келіп, күтпеген әрекетке баруы мүмкін. Алайда сізді ешкім бағаламайды. Содан кейін сіз бүгінгі күнгі ниеттеріңіздің қате екенін түсінесіз. Онша қажет емес заттарға ақша шашасыз. Ол таныстарыңызға жасалған сыйлық болуы мүмкін. Бұрындары сіздің қызығушылығыңызды тудырған бір таныс адамыңыздан хабар аласыз. Ендігі оқиғалар баяғыда басыңыздан өткен қызыққа алып келеді. Құпия, жасырын кездесу болуы мүмкін. Рахаттанып әңгіме-дүкен құрасыз. Айналаңыздағы адамдарды ерекше көзқарасыңызбен таңқалдырасыз. Бұған қарап көбісі өзіне сабақ алады. Ад жұмыс сізге қатты ықпал етеді. Сіз үлкен жауапкершілікті сезінесіз. Бұған қоса өз күшіңізді де ескеріңіз, өйткені шаршап-шалдығуыңыз мүмкін. Жақсы бір досыңызға баруыңыз мүмкін. Көңілді кеш болуы да әбден мүмкін.
Торпақ
өз ортасын біріктіретін бастама көтереді. Сізсіз ештеңе бітпейді. Тек сіз ғана басқа адамдардың күш-жігерін қажетті бағытқа аударасыз. Не болып жатқан нәрсені түсіну кейде қиынырақ болмақ. Материалдық байлыққа бет бұрасыз. Соған қарамастан достық байланыс күшейтілетін болады. Беделді, ықпалды серіктесіңіздің сеніміне ие боласыз. Қызықты жұмыс, шығармашылық белсенділік күтілуде. Сіздің өмір салтыңыз өзгереді. Өзіңізді ылғи жайлы сезіне алмасаңыз да, бірақ сіз үйренген өмір салтыңызды елемей, жайлылықтан бас тарта аласыз. Үйінен алыс жерде жүргендерде жағымды жаңалықтар көбірек болады. Сізге бөтен адамдар көп көмек береді. Айналаңызда таныс адамдарыңыз ауысып отырады. Одан сіз жалықпайсыз. Кез келген компанияда өзіңізге жақын адамды тауып аласыз. Кәсіби жұмыстар жүйкеңізге жаман әсер етуі мүмкін. Бұрынғы әріптестеріңізбен проблема болуы мүмкін. Солармен қарым-қатынаста аздаған қиындық туындайды. Бір қонақ келеді. Күтпеген қонақ. Ал қаржылық жағдай журналистика немесе мжарнама бизнесімен айналысатындарда жақсарады.
Егіз
өзі мүдделі қарым-қатынасын нығайтады. Сізге өзіңізден мықты, беделді адамдардың көмегі қажет. Туындаған қазіргі жағдайда сіз екінші рөл ойнайсыз. Көптеген кездесулер болуы мүмкін. Бойыңыздағы тасыған күш- қайраттан жапа шегіп қалмаңыз. Ұсақ-түйеккке көңіл бөлмейсіз. Сіздің ұстанымыңыз үстіртін болып шығуы мүмкін. Нәтижесінде сіз жеңіліс табуыңыз мүмкін. Бұл аптада жарысқа қатысудан, бәсекелестіктен бас тартқаныңыз жөн. Сәттілік сіздің қарсыластарыңыздың қолында тұр. Бұл аптада бәрін тәртіпке келтіріп, жинап, үйіңізде де жөндеу жұмыстарын жүргізгеніңіз дұрысырақ. Жеке өмірде күтпеген бетбұрыс бар. Жалықтырған қатынастан құтыласыз. Дегенмен өзіңізге қымбат адамды ренжітпеңіз. Әйтпесе ол ұзақ жанжалға әкеп соқтырады. Тәжірибеңіз аз мәселені асықпай шешіңіз. Жаңа бастамада біраз қиындықтар болады. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.
Шаян
өзінің еркінсіздігін сезінеді. Бұл жаныңызды жегідей жеп, дұрыстап демалуға кедергі болады. Сонымен бірге жақындарыңызды өзіңіздің қыңыр мінезіңізбен жалықтырасыз. Ал олар өз кезегінде сізді бір нәрсеге көндіремін деп жалықтырады. Осы қарама-қайшылықтар сіздің айналаңыздағылармен қарым-қатынастың анықтамасы болмақ. Күдік, сенімсіздік басым. Бұл аптада творчестволық жоба туралы оймағаныңыз дұрыс. Күнделікті жұмыстан көбірек пайда табасыз. Белгілі бір техникалық жабдықты меңгересіз немесе кәсіби саалада бейтаныс қызметті меңгересіз. Бұл жұмыс ауқымын кеңейту емес, басқалардың жұмысын бақылау үшін болмақ. Кейде мінезіңіз төзімсіз болады. Бірақ апта аяғына таман сапалы өзгерістер орын алады . Барлық қарым-қатынас өз қалпына келеді. Аралас-құралас өз орнына оралады. Қысқа сапарлар өз мәніне ие болады. Сіз көздеген мақсатыңызға бет бұрасыз. Достарыңызбен ездесіп, қонақ күтіп, бірдемені тойлатуыңыз да мүмкін. Жеке өмір сізді көп ойландырады. Сүйген адамыңызға деген сеніміңіз шатқалақтап тұр...
Арыстан
айналасындағыларға көрінбес үшін жасырынбақ ойнауға көшеді. Жақындарыңыздың расында сіздің идеяңыз қолдау таппайды. Басқалары сіздің проблемаңызды түсінбейді, жалпы сізді түсінгісі келмейді деген ойда боласыз. Сіздің еңбектеніп жасаған жүниеңіздің бар қызығын достарыңыздың біреуі пайдаланып кетуі мүмкін. Осыған қарап, өзіңіздің дұрыс жолда келе жатқаныңызды түсінесіз. Айналаңыздарға деген сенімсіздік - сынау, бөлектенумен көрініс табады. Жақсы нәтиже беретін жерде өзіңізді көрсеткіңіз келеді. Бұрын айналысқан жұмысқа белсене кірісіп кетуіңіз мүмкін. Ескі кітаптар, аспаптар, әшекейлер сіздің ермегіңізге айналады. Көне бұйымдарға қызығасыз. Өзіңіз жақтырмайтын адаммен араласуға тура келеді. Оған көп әңгіме айтасыз. Туыстарыңызбен қысқа сапар күтілуде. Әңгіме-дүкен құрғанда қасыңыздағы адамның тақырыбына көңіл бөлесіз. Өзіңіздің ішкі сырыңызды құпия ұстап, ешкімге ашылмайсыз. Жеке өмірде не болады? О, ол деген үлкен құпия! Өйткені айналаңыздағы адамдар сіз туралы солай ойлайды.
Бикеш
бірінші кезекте тұрған проблеманы басып өтеді. Бәлендей маңызы жоқ дүние мен оқиғаларға назар аударасыз. Жақын адамдарыңыз сізге жиі талап қойып, түсінбестік танытады. Бірақ сіздің іс-әрекетіңіздің өзіндік логикасы бар. Бұрын болған оқиға қазіргі мақсатқа жетуге түрткі болмақ. Қол жеткен табыстардан ләззат аласыз. Ойлауға тұрарлық жақсы перспектива қылаң береді. Таныс әйелдің басқаруы сіздің жүрегіңізге қосымша күш беріп, өз жігеріңізге сенімділікті арттырады. Жаман емес! Бірақ денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Суық тию, инфекциялық аурудан сақ болыңыз. Сондай-ақ көп еңбектенуге тура келеді. Бүкіл апта бойы шаршап жүресіз. Деморатиялық қылық жоқ сізде. Диктаторлық рөл басым. Лидер болуға да лайықсыз. Бірақ тек өз дегеніңізді істеткізесіз. Жеке басыңыздың белсенділігінің арқасында қаржы мәселесі жақсарады. Жеке өмірде дау-жанжал болуы ықтимал. Бірақ қайта батысасыз.
Таразы
бәріне күмән келтіріп, күдіктеніп, айналасындағылардың мазасын алады. Әркімнің өмірінің мәнін білуге жүректің түбіне үңілуге тым құштарсыз. Жақындарыңыз, достарыңыз, әріптестеріңіз сізге талап қояды. Оған өзіңіз түрткі боласыз. Сөйтіп жеке басыңыздың оқшауланып, назарсыз қалуына өзіңіз ықпал етесіз. Бұл аптада сенімді досыңызбен жанжал тууы мүмкін. Ал жақсы достарыңыздың біреуінің қылығы сізге сатқындық танытқандай болып көрінеді. Сіз өзгелерден өз жоспарларыңызды, ниетіңізді, істеріңізді жасырасыз. Әр әрекетіңізді тек өзіңіз ғана жүзеге асырасыз. Оған сіздің жеке тәжірибеңіз көмекке келмек. Дегенмен сәттілік сіздің уысыңызда тұр. Әсіресе оқытушылар, делдалдар, шеберлердің жұлдызы жанады. Тұрмыста жарақат алуыңыз мүмкін. Өзіңізге жақпайтын жұмыс атқарасыз. Тұрмыста суға қатысты бір апат болатын сияқты. Ыстық судан абай болыңыз. Жеке өмірде романтикалық сезім өзгерістерге жетелейді.
Сарышаян
ұсақ-түйекке көңіл бөлмей, басты нәрсемен айналысады. Кейде сізді шектен шыққан прагматик деп айтуы мүмкін, тіпті арсыз деуге дейін барады. Ақша мен жұмыс - сізге қазір бұдан артық не нәрсе бар? Ештеме! Тіпті өміріңіздің сезім тұсы да екінші орынға жылжиды. Сыртқы келбетіңіз көңіл күйіңізге қарама-қайшы. Бірақ бұл жолы сіз тартымды боласыз. Достарыңыз, тіпті бейтаныс адамдар сізге ұмтылады. Кейде уақытым зая кетіп жатыр деп ойлайсыз, мәнсіз әңгімелерге, пайдасыз аралас-құраласқа уақытымды сарп еттім деген ой болады. Сіз қайнаған ортада жүресіз. Сіздің күйіңіз күйгелектікке жақын. Бірнеше рет таңдау жасауға тура келеді. Ол әріптестерге қатысты болмақ. Әркез өзіңізді мәжбүрлейсіз. Болып жатқан оқиғалар сондай маңызды болмаса да, ол сіздің ерік-жігеріңізді таразыға салады. Керек кезде «жоқ» деп айту да қасиет. Тұрмыстағы жағдайлар үлкен маңызға ие болады. Ұсақ-түйек жөндеулер орын алады. Жақындарыңыздың арасында жылжымайтын мүлік туралы сөз қозғайсыз.
Мерген
қазіргі жағдайда өзін алданып қалғандай сезінеді. Таныс адамыңыздың қылығы белгілі бір ойларға жетелейді. Бірақ асығыспен жасалған шешім рухани уайымға соқтыруы мүмкін. Көреалмаушылық, реніш, торығу орын алады. Бұл аптада жақсы адамдардың ортасында болып, жылы сөз естіп, жайдары қарым-қатынас жасағаныңыз жөн. Ұжымдық істерде кәсіби іскерлік сәттілік әкелуі мүмкін. Өздігіңізбен істеген жұмыс бұл аптада жемісті болмақ. Бір ер адамнан ақша түседі. Беделді адаммен әңгімелесесіз. Оның кәсіби шеберлігінен тәлім аласыз. Сізге ақыл-кеңес қажет. Сонымен бірге белгілі бір бағытта творчестволық аспектіде жұмыс істегеніңіз жөн. Біраз еркіндік сізге шабыт береді. Интеллектуалдық қарым-қатынас, мансап екінші орынға жылжиды. Сіз бағалы өмірлік тәжірибе жинақтайсыз. Оны айналаңыздағы дүниеден жинайсыз. Сенімді серіктесіңізбен бірге белгілі бір мақсатта жолға шығасыз. Сыртқы келбетіңізге көңіл бөлесіз.
Тауешкі
түпкі тамырынын айырылып бара жатқандай күй кешеді. Күдік, сенімсіздік белең алып, ол өз кезегінде күйзеліске әкелуі мүмкін. Сол себепті сіз беделді адамдардың қамқорына зәру боласыз. Сенім артатын адам қажет сізге. Дегенмен бұл аптада сіз қандай адам болса да, сол адаммен қарым-қатынас жасауға ұмтыласыз. Бұрынғы досыңыздан алған хабар сізді таңқалдырады. Сабырлық сақтауға тырысыңыз. Өйткені күйгелектіктің кесірінен жақын адамыңызбен ұрсысып қалуыңыз әбден мүмкін. Сөйтіп өз қылығыңыздан ұялып, кінәлі сезінетін боласыз. Жасаған шаруа сапасымен ерекше болмақ. Парасатыңызбен көзге түсесіз. Кәсіби шеберлігіңізді көрсетесіз. Өзіңіздің маңыздылығыңызды, елдің сізге тәуелділігін терең сезінесіз. Кадр саясаты маңызды рөл атқармақ. Жеке мүддеңізбен қысқа сапарға шығасыз. Ақшаны қалай боса солай шаша бермеңіз. Біраз сомадан айырылып немесе жоғалтып алу қаупі басым. Жеке өмірде еш өзгеріс болмайды.
Суқұйғыш
жұрттың әрекетін қолдау ретінде емес, қосымша ақпарат алуға мүмкіндік деп бағалайды. Сіздің үміттеріңіз шын мәнісінде өмірде жүзеге асуы мүмкін, бірақ сіз оны еш растай алмайсыз. Күтуден жалықтыңыз. Жағдай тығырыққа тірелгендей болады. Қарым-қатынастың сыртқы пішімі шартты түрге айналғандай. Жылдам келетін бақыт деген түсінігіңіздің күл-талқаны шығады. Бірақ ткәсіби салада жақсы хабар бар. Сізде маңызды шешімдер қабылдау аптасы басталды. Тіпті тағдырыңызға қатысты шешім болуы мүмкін. Бүгін алдыңызда кездескен адамдар келешекте сенімді серіктесіңізге айналуы мүмкін. Таңдау жасағанда жеңілтектік танытпаңыз. Үзілген байланыстарды қайта жалғау туралы ой келеді, ол кезінде тұрақтылығымен көзге түскен. Сонымен қатар жұрттың құпиялылығын сезінесіз. Олар бұрын сізден еш нәрсені жасырмайтын. Ер адамнан жақсы хабар келеді. Аздаған, ақша мен сыйлық аласыз.
Балық
көп уақытын жолда, қозғалыста өткізеді. Жалықтырған, ауырлық салған адамдармен араласуға мәжбүр боласыз. Өзгенің проблемасын шешуге ат салысасыз. Бейтаныс адамдармен көп араласасыз. Бөтен адамдардың қолдауына ие боласыз. Сыртқы келбетіңіз бен кәсіби салада өзгерістер болады. Жоспарланбаған сауда-саттық күтілуде. Дегенмен ол сәтті болмақ. Өйткені ол сапалы шығып, ұзақ мерзім сізге қызмет етеді. Күш түсіретін істер көп-ақ. Жақын арадағы жоспарлар өзгеріске ұшырайды. Келіссөздер міндетті емес болса да, оны іске асырасыз. Өзіңіз сыйлайтын иқұрметті адамдармен бір дастархан басында отырасыз. Жарқын кездесулер күтілуде. Кейбір кездері оқиғаның қақ ортасында боласыз. Іштегі уайымнан айырыласыз. Оның орнын жаңа иедялармен толтырасыз. Өз әрекетіңізде расында да өзіңізге қажетті адамдарға арқа сүйейсіз. Олардың ниеті мен еркін өзіңізге тартасыз. Ұзақ күткен қонақтарды қарсы аласыз. Бұл аптада отбасылық жақсы дәстүрлі дүниелер басты орында тұр. Жеке өмірдегі қатынасыңыз жаймашуақ болмақ.
www.ktk.kz