Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 – 16 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

10 – 16 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Осы апта несімен қызықты? Қандай қуаныш бар, қандай оқиғалар болады? Не жаңалық күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 10– 16  маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.


Тоқтылар, күте тұрыңыз. Кейбір оқиғалар сізге үлкен әсер қалдырады. Көп нәрсе басқа адамдардың шешімдеріне байланысты болады, сондықтан сіздікі тек күту, әліптің артын бағу. Бұл аптада келесі іс-әрекеттер туралы ойланып, қандай болу керек және қандай жоспар құру керектігін жан-жақты ойластыруға тура келеді. Шығармашылық шеберлігі бар болса, басқа да кәсіби шеберлігін шыңдауы керек. Өз ниетін құпияда ұстағаны жөн. Оны тек ең жақын адамдарыңызбен бөлісіңіз. Ресми мекемеге барып, сапарға шығуыңыз мүмкін. Құжаттарға қол қоясыз. Мүлік мүддесі басқа мәселеден биік тұр. Бір сәттік оқиғалар көп болмақ осы аптада. Шығынды бақылауда ұстаңыз. Әйтпесе артық шығын шығып кетуі мүмкін. Жеке өмірде қасыңыздағы серігіңізге деген сеніміңіз шексіз болмақ.

Торпақтар жеңісі мен жоғалтқан дүниесінің тепе-теңдігін сақтай алады. Сәттілік бұл жолы уысыңызда тұр. Көшу туралы мәселе шешілуі мүмкін. Құжаттар қолға түседі. Құжаттарды жаңартасыз. Не болса да, ертеңгі күнге сенім туады. Кәсіби салада алға жылжисыз. Таңдау болады. Жауапты шешім қабылдауға тура келеді. Ересек туысыңызбен жақын қатынас орнатасыз. Отбасында жылы қарым-қатынас орнайды. Түсіністік орнайды. Бұрынғы жоспармен қысқа сапар күтілуде. Көптеген торпақтар үмітін жаңартумен байланыстырады. Әркім - әрқалай. Біреуге ол киімін жаңартумен болса, екіншісі өмір салтын өзгертеді. Сезім маңызды рөл атқарады. Үлкен сома ақша аласыз. Кейбіреулер үшін бұл қиын несие кезеңіне ұласады.

Егіздер
қарым-қатынасты бұзуға мүдделі емес. Бірақ үйреншікті өмір салтынан ақырындап алыстай бастайсыз. Әр байланысты өз пайдаңызға шешесіз, бұрынғы байланыстарды да қалпына келтіресіз. Бұл аптада бар қиындықты жеңесіз. Ол сіздің алға жылжуыңызға бұрын тұсау болған болатын. Енді сіз еркінсіз, тәуелсізсіз және жаңа өмірге бет бұруға дайынсыз. Кәсіби салада белсенділік бар, кейде тіпті шектен тыс. Бірақ сіз бірқатар жобаны іске асыра аласыз. Содан біраз материалдық табыс аласыз. Бұл аптада бір қызық таныстық болады, өзіңіз ұнатқан адаммен жақындасасыз. Жеке өмір құпияға толы. Бірақ кейбір нәрсе айтылмай, шешілмей қалады. Саяхат күтілуде. Алыс жақтағы туысқаныңыз сіздің көмегіңізге мұқтаж болады.

Шаяндар үш ұйықтаса түсіне кірмеген мүмкіндікке таң қалады, қуанады. Бұл күндері досыңыз немесе туысыңыз туралы сізге беймәлім дүние жаңа қырынан анықталады. Тағдыр сізге жаңа бағыт ұсынады. Сол бағытпен жүріңіз. Сіздің міндетіңіз – осы мүмкіндікті пайдаңызға дұрыстап жарата білу. Ондай мүмкіндік кім көрінгеннің қолына түсе бермейді. Өзіңізді жаңартамын деп ойлап жүрген мүмкіндік енді туды деп ойлаңыз. Ол өзіңіз қалаған бағытта өрбиді. Бұл апта шабытқа толы, творчестволық белсенділікке толы және өздігіңізбен шешім қабылдау кезеңі. Қызметте өзара бірреттік пайдалы келісімдер бірінші орынға шығады. Сіз шығынды қатты бақылауда ұстаңыз. Қаржы мәселесі сізге жағымды болмақ. Бұл аптада жаңа жұмыс кестесін, оны іске асырудың жаңа жолын іздестіресіз. Сіздің жұмыстарыңыз өзгенің құпиясын сақтау қажеттігімен байланысты болмақ. Маңызды келіссөздерге қатысасыз. Нақты мақсатпен қысқа сапар күтілуде. Өз мүддеңізге сай маңызды құжаттарды рәсімдейсіз. Жеке өмірде жомарттық танытасыз. Серігіңізге жылы көзбен қарайсыз.

Арыстандар сынға шыдамайды, өзін жақсы танитын адамдарға қарсылық танытады. Сіз жанжалдасқыңыз келмейді, бірақ дау-жанжал артыңыздан қалмай, еріп жүреді. Әріптес, серіктестермен келіспей қалуыңыз мүмкін. Бейбіт жолмен шешу үшін ұстанымыңыздан таюға тура келеді. Бір айналдырғанды шыр айналдырады демекші, небір келеңсіз жайттарға тап болуыңыз мүмкін. Ол сізге - сынақ. Дегенмен бұл аптада қаржы мәселесі қуантарлық. Болашақта материалдық жағдайыңызды түзетуге жақсы мүмкіндік туады. Саяхатқа шығу бұйырады. Сіздің шешімдеріңіз бастама көтерумен тығыз байланысты болмақ. Жоспарланбаған сатып алулар болады. Жоспарда жоқ іс-әрекеттер орын алады. Осы аптада алған ақпарат сіз үшін өте маңызды болмақ. Бұл жеке өмірге де қатысты болады. Және ол қасыңыздағы адамның сеніміне байланысты болмақ.

Бикештер жұмыстарын реттеп, әдеттегі жүйені өзгертеді және оған танысының бойына тән бір қасиетті қосады. Сол үшін ынталанып, өзіне тән емес ұстанымды пайдалануға тура келеді. Бірақ, барынша тырысасыз. Шынайылық туралы ұмытыңыз, өтірік рөлге кіруге тура еледі. Жеке игілігіңіз тап осыған саяды. Бұл апта сізге оңай тимейді. Жағдайларға қалыптасу қиын болмақ. Айналаңыздағылар сіздің тіліңізді таба алмайды, сізді жұмбақ санайды, біртүрлі деп санайды. Сізді сөз қылады, сіздің іс-әрекеттеріңізді талқылайды. Сізге жақын болғысы келетіндер мен қызығушылар саны көбейеді. Аптаның басты оқиғалары жұмыспен және кәсіби қатынастармен тығыз байланысты болмақ. Бәлкім, мойныңызға қосымша жүк артасыз. Жаңа қызмет туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Жастардың жеке өмірінде жаңа леп бар. Ересек Бикештердің жеке өмірінде еш өзгеріс жоқ.

Таразылар үлкен сенімге ие досын сағынады. Жағдайлар тағы да сіздің басыңызды ауыртады. Шұғыл мәселені шешу үшін жоспарды өзгертуге тура келеді. Сізді түсіне білетін адамдардың кеңесіне, ақылына, қамқорына мұқтаж боласыз. Бірақ шешімді өзіңіз қабылдауыңыз қажет. Ең басты проблема – қарыз сұрау. Бұрыннан келе жатқан қаржы мәселесіне қатысты сіздің бастамаңызбен ақша беріп, аласыз. Жаңа шарт жасайсыз. Оған мәжбүр боласыз. Белгісіз адамдармен қаржылық міндеттемелер пайда болады. Сіз ұзақ уақыт жүргізген келіссөз өзгеріс туралы болатын, сол өзгерісті өз ортаңыздағы бір адам ұсынады немесе соған түрткі болады. Басқалары соның қозғаушы күші болады, ал сіз жағдайды бақылап, бәрін егжей-тегжейлі назарыңызда ұстаймыз. Отбасындағы жасы кіші адамға назар аударасыз. Байланысыңыз үзілген бұрынғы досыңыз немесе туысыңызбен кездесу күтілуде. Өзіңізді кінәлі сезіндіретін және сізге ауыр тиген мәселені аяқтауға тура келеді. Бұл аптаның қуанышы – денсаулықты қалпына келтіру, дене шынықтыру. Және ғашық боласыз.

Сарышаяндар тұрмыстық мәселені шешуде қуанышқа бөленеді. Бұл аптада сізді бұрыннан бері мазалап жүрген тақырыпқа қайта ораласыз. Заттарды жинастырып, ескі фотосуреттерді қайта қарайсыз. Өткенді еске алып, біраз дүниені сағынғаныңызды түсінесіз, ол өз кезегінде шығармашылыққа жетелеп, кенеттен шешім жасауға түрткі болады. Жоғалттым деген бір зат табылады. Жалпы, апта жағымды жаңалыққа толы. Жоғалғандар табылады. Оқу, білім алу – бәрін кәдеңізге жаратасыз. Тек дене салмағыңызды бақылаңыз, ол артып кетуі ықтимал. Сапарға шыққанда ойыңызды жинақтап, сенімділікке ие боласыз. Қызықты іс-шараға қатысасыз, кәсіби мақсатта достарыңызбен кездесесіз. Құжат рәсімдеу күтілуде. Ал қаржы мәселесі туыстардың әрекетіне байланысты өрбиді. Мүлікке қатысты сұрақта жаңа шарттар туындайды. Жеке өмірде күтпеген бетбұрыс пен қызықты оқиғалар күтілуде.

Мергендер кәдімгі шешім қабылдауға ықыласы жоқ. Жасырын мүмкіндік қызықтырады. Ол қарапайым ережеден мүлдем бөлек. Өзгенің құпиялылығына деген сіздің тартымдылығыңыз бен қатысымдылығыңыз кез келген салада сіздің жеңісіңізге әкеледі. Сіз кәсіби қызметте жағдайды жақсартуға ұмтыласыз. Ескі байланыстардың маңызы ерекше болмақ. Қосымша жұмыстар бар. Оған білек сыбана кірісесіз. Қаржы мәселесі сіздің белсенділігіңізге байланысты. Бәлендей өзгеріс болмайды. Күтіп жүрген жерден бір реттік ақша түседі. Білікті адамдармен бірге тұрмыстық мәселені шешесіз. Жасы үлкен туысыңызға қамқорлық тантып, көмек көрсетесіз. Бір туысыңыздан мазаңыз кетеді, ол сізді көп мазалайтын болады. Үйден қашықта жүріп өзіңізді жақсы сезінесіз, сізге қанат бітеді. Сізді ұнататын адам сізге шабыт сыйлайды.

Тауешкілер белгілі бір дәстүрлердің, ережелердің, жазылмаған заңдардың белсенді жақтаушысы болады. Өзгелермен қарым-қатынас жасағанда әдет-ғұрыптан бөлек, басқа дүниені талап етесіз. Кейде наразылықтарыңыз түсініксіз, оғаш, орынсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ дәл осы кезеңде ұстанымыңызды білдіресіз. Отбасында жасы кіші туысыңызбен қарым-қатынас үзілуі мүмкін. Өзара айыптау үйдің жалпы климатына кері әсер етеді. Сапар, қысқа іссапарға бару сізді рухани күйзелістен құтқарады. Жоғалған энергияны толтыра аласыз және өзіңізді ойдан шығарған артық ойлардан алыстатасыз. Осы аптада материалдық жағдай жақсарады, сіздің жоспарларыңызды іске асыру үшін жақсы перспективалар пайда болады. Сіз белсенді боласыз. Ұзақ уақыт серіктеспен ортақ жоба ұтымды болады. Қызығушылық танытқан адамға қатысты ақпаратты жаңартуға ұмтыласыз. Өмек-аяң, алып-қашпа сөздер пікірсайыстар - бәрі сіз үшін маңызды болмақ. Басқалардың табыстары жүйкеңізге әсер етеді. Жеке өміріңізде бәріне құшағыңыз ашық болады.

Суқұйғыштар тікелей байланыстан қашады, сөйтіп артынан түсінбестікті, белгісіздікті қалдырады. сізбен ортақ тіл табысу, сіздің көңіл-күйіңізді түсіну өте қиын. Барлық сөздеріңіз бен іс-шараларыңызда құпия, жасырын ниет бар секілді. Сонымен қатар, кәсіби мақсаттарға қатысты мәселелерде келісімділікке ие боласыз. Жетістік геолог, экстремалды саяхат түрлерімен айналысатын адамдарда және үгіт-насихат жұмыстарымен айналысатын мамандар, маңызды шешімдер қабылдауға басқа адамдарды ынталандырып, көмек көрсетін адамдарда болмақ. Қаржы мәселесінде қарама-қайшылықтар көп-ақ. Ақша көп келсе де, шығыныңыз одан да көп. Ал жағдайды жеңу оңай болмайды. Кейбір денсаулыққа байланысты проблемалар, кішкене жарақаттар, суық тию сияқты келеңсіздіктер орын алуы мүмкін. Алыстағы досыңыз күтпеген жаңалықпен таңқалдырады. Ірі іс-шараға қатысасыз. Бұл аптадағы таныстық тағдырыңызға әсер етуі мүмкін. Жасы үлкен ынтық адамдардан аулақ болыңыз. Бір сәтте қуанышқа бөленемін деп өз құндылықтарыңызды естен шығармауға тырысыңыз.

Балықтар адамдардың сөзіне имандай сенетін жан емес, өйткені балықтар адамды жақсы таниды. Жоспарыда өзгерістер орын алады, ол бұрынғы идеялардан бас тартуға қатысты болмақ. Енді оқиғалардың даму барысына қарап, өз пайдаңызды дөп басып білесіз. Және өзіңізді адастырған ұстанымыңыз тым ашық болып көрінеді. Өзіңізді асықтым деп, оқиғаны жалпылама қарап ұға алмадым деп кінәлайсыз, бірақ сізден де көп және үлкен қателік жасайтын адамдар барын ұмытпаңыз. Кәсіби салада еш өзгеріс жоқ. Тұрақтылықты қажет етсеңіз, ол сізде бар. Бірақ талабыңыз күшейсе, қызығушылық танытып жүрген адамның ұсынысын қабылдаңыз. Тап қазір біреумен бірігіп жұмыс істеген сізге қолайлы болмақ. Дегенмен жақындық сезіміне зәру боласыз. Бірінші орынға қарым-қатынасты қоясыз. Бірақ сіздің мүддеңізді көп адам қолдамайды. Және бұл дау-жанжалға әкеп соғуы мүмкін. Сапарлар сәтті болады.
www.ktk.kz

11 маусым 2019 ж. 1 038 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930