Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5G желісі ауа райын болжауға кедергі келтіреді - The Guardian

5G желісі ауа райын болжауға кедергі келтіреді - The Guardian

Биыл қолданысқа енгізілетін 5G желісі қауіп төндіруі мүмкін, - деп жазады The Guardian басылымы. Автордың жазуынша, 5G жүйесін ензігу ауа райын болжауға кедергі туғызып, ауа райын болжауға жауап беретін жер серіктердің жұмысына кері әсер етеді.

«Метеорологтардың айтуынша, бүкіл әлем бойынша іске қосылады деп дайындалып жатқан 5G желісі арнайы спутниктік құралдардың сезімталдығына кері әсер етіп, ауа райы өзгерістеріне мониторинг жасауға кері әсер ететін болады» деп жазады автор.

Оның айтуынша, бұның салдарынан ауа райы нашарлаған жағдайда, мысалы, қатты дауылдарды ескерту қиынға соғуы мүмкін. Бұл өз кезегінде адам өміріне қауіп төндіреді.

«5G желісі қатты дауылдар мен су тасқындарын болжауға кедергі келтіреді. Түптеп келгенде бұл өлім мен өмір мәселесі. Осы мәселе метеорологтарды қатты алаңдатады», - дейді Ауа райы Еуропалық орталығының маманы Тони МакНалли.

Оның айтуынша, 5G телефон желісінің жоғары жылдамдығы су буына ұқсас жиілікпен тарайтындықтан, ауа райын нақты болжауға кедергілер келтірілетін болады.

«Бұл - өте үлкен жаһандық проблема. Себебі біз бұл жағдайды уысымыздан шығарған сайын оның кері әсері арта береді», - дейді Висконсин-Мэдисон университетінің метеорологы Джордан Герт.
10 мамыр 2019 ж. 1 562 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031