Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

- 1. Тұмау кезінде денеңіз қатты қызса. 0,5 литр суды сүтпен, қантпен және 1 шай қасық кардамонмен араластырып ішсеңіз, қызуыңыз басылады.
- 2. Басыңыз ауырса. 0,5 шай қасық кептірілген жанжабіл өсімдігі мен азғантай ыстық суды араластырып, паста дайындаңыз. Кейін сол пастаны маңдайыңызға қойып жатыңыз. Аздап күйдіру мүмкін, бірақ басыңыздың ауырғанын қойдырады.
- 3. Арқаңыз ауырса. 1 ас қасық жанжабілді ұнтақтап, 200-250 мл жылы суға араластырып, арқаңызға компресс қайыңыз.
- 4. Тамағыңыз ауырса. 200 мл ыстық суды 1 ас қасық шатыраш шөбімен араластырып, тұнбамен тамағыңызды шайыңыз.
- 5. Безеу мен бөртпелер шықса. 1 ас қасық алоэны ¼ шай қасық куркумаға қосып, күніне екі рет теріңіз таза болғанға дейін жағыңыз.
- 6. Деміңіз таза болсын десеңіз. Фенхельдің дәнін шайнаңыз немесе бір стақан қайнаған суға 1 шай қасық ұнтақталған кардамон, даршын және лавр жапырағын бірдей көлемде салып, салқындатып ішіңіз.
- 7. Бұлшықетіңіз созылып кетсе. 0,5 стақан ұнтақталған жанжабіл мен 0,5 стақан сода қосып, 15 минут ыстық ваннаға шомылыңыз. Ауыратын жеріңізге күніне екі мәрте компресс қойыңыз. (1 шай қасық жанжабіл + 1 шай қасық куркума + аздаған ыстық су)
- 8. Жарақат алған жеріңіз ісінсе. Денеңіздің ісіп кеткен жерінің бір бөлігіне куркума, тағы бір бөлігіне тұз сеуіп, бинтпен байлап тастаңыз.
- 9. Ұйқысыздыққа ұшырасаңыз. 0,5 шай қасық теңіз жаңғағын бір стақан сүтке қосып ішіңіз. Сонымен қатар 1 шай қасық қуырылған, ұнтақталған куминді (зира) піскен бананның жұмсағымен араластырып, ұйықтар алдында жеңіз.
- 10. Есте сақтау қабілетіңіз нашарласа. Күніне 3 грамм ұсақталған калинджи дәнін 10 грамм балға араластырып жеуіңізге болады. 11. Күйіп қалсаңыз. Бір шөкім куркуманы алоэ шырынымен араластырып, күйіп қалған жеріңізге жиі жағып тұрыңыз.
- 12. Салқын тигенде немесе тұмауға шалдыққанда тоңып қалтырасаңыз. 0,5 шай қасық жанжабіл мен 1 шай қасық ұнтақталған даршынды 10 минут қайнатып, үш сағат сайын 1 стақаннан ішіп отырыңыз. Бал қосуды ұмытып кетпеңіз.
- 13. Мұрыныңыз бітіп қалса. Ыстық куркуманың түтінімен дем алыңыз. Ол сіздің мұрыныңыздағы қоқысты шығарып, тез арада тазалайды.
- 14. Тұмауратсаңыз. Кептірілген жанжабілден шай ішіңіз және куркуманы сүтке қосып, күніне 3 рет тұтыныңыз. Ол сіздің ауруыңыздың алдын алып, иммунитетіңізді нығайтады. Жоғарыда айтылған кеңестердің сіздің денсаулығыңызға пайдасы өте көп. Сондықтан оны ешқашан есіңізден шығармаңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!