Жапония: Тағамға тапсырыс беру үшін анализ тапсырасыз (видео)
Жапонияның Open Meals студиясы жеке тұлғаларға арналған мейрамхана тұжырымдамасын, яғни, концепциясын әзірледі: әр клиент үшін оның ағзасының ерекшелегі ескеріле отырып, ас мәзірі дайындалады. Мұндай принцип бойынша жұмыс істейтін алғашқы Sushi Singularity мейрамханасы ел астанасы – токио қаласында 2020 жылы ашылатын болады.Аталмыш жоба бойынша клиент екі апта бұрын мейрамханадағы үстелді брондауы тиіс. Яғни, алдын ала тапсырыс беруі керек. Осыдан кейін клиент шағын зертханалық тексеруден өтуі қажет: түкірігінен, зәрінен, т.б. анализ тапсырады. Денсаулық сақтау саласындағы екі компания мамандары анализдік ақпараттарды талдап, сараптап, клиенттің денсаулығына орай идентификаторды дайындайды. Соның негізінде клиенттің тағамы әзірленетін болады.
[video=|]«Гиперсонализация болашақта қызмет көрсету саласындағы қалыпты жағдайға айналады: ішек қызметінің ерекшелігі, микрофлора құрамы және өзге де көрсеткіштер ескеріле отырып, ағзаға жетіспейтін қандай да бір элементтерді пайдалана отырып, индивидуалды ас мәзірін жасауға болады»,- деді Open Meals өкілі.
Айта кету керек, Sushi Singularity мейрамханасында тек жапондардың ұлттық тағамы мен брендіне айналған суши ғана ұсынатын болады. Автоматтындырылған жүйе бойынша әзірленген.












