Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балапанды ауруханаға алып барған бала желіде жұлдыз болды

Балапанды ауруханаға алып барған бала желіде жұлдыз болды

Желіде қатты қорқып, мұңайып тұрған 6 жасар Дерек Лалханхимнің суреті тарап кетті. Белгілі болғандай, Үндістанның Мизорама қаласында тұратын бала балапанды велосипедімен қағып кетіп, артынша оны ауруханаға алып барған. Оның оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті.

Куәгерлердің сөзінше, бала үйінің ауласында велосипед теуіп жүрген. Бір кезде алдынан балапан шыға келіп, Дерек аңдаусызда оны қағып кетеді. Жерде жатқан балапанды көріп, қатты қорыққан бала оны қолына ала салып, жақын жердегі ауруханаға жүгірген. Ол жерде дәрігерлерге қалтасындағы 10 рупийді (50 теңгеден аса) ұсынып, жылап тұрып балапанды аман алып қалуын сұрапты, деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Артынша ата-анасы Дерекке балапанның оқиға орнында өліп қалғанын, дәрігерлердің оны құтқара алмайтынын түсіндіреді.

Аз уақыт ішінде осы оқиға туралы қауесет қалада тарап кетіп, бұл жайында құлағдар болған мектеп әкімшілігі Дерекке мейірімділігі мен адамгершілігі үшін мақтау қағазын табыстауды ұйғарыпты.

Ал желі қолданушылары аталған шешімді қолдай кетті.

«Жүрегі таза екен. Оның әрекеттері шынайы әрі арам ойсыз. Сені Құдай қолдасын, Дерек!», «Оған қарап адамгершіліктің әлі де бар екенін түсінесің... Балақай бір әрекетімен бәрімізге үлгі болды», «Үлкен жүректі кішкентай бала», - деп жазды пікір қалдырушылар.
08 сәуір 2019 ж. 2 323 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031