Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нан жабатын тандырға тыйым салынды

Нан жабатын тандырға тыйым салынды

Түркіменстанның солтүстік-шығысында орналасқан Дашогуз ауданында нан жабатын тандырды пайдалануға тыйым салынды. Бүгінгі таңда тандырға жалғанған газ құбырларын қию басталған.

Ауылдық жерде тандырды шыбықтар мен мақта қозасын жағып қыздырады, ал қалалы жерде тандырға газ жалғанған. Өткен жылдың күзінде ел үкіметі халыққа газ, су мен жарықты тегін беретін жеңілдіктің күшін жойып, есептеуіш құралдарын орнатқан болатын. Билік тандырды тұрғын үйден 15 метр қашықта орнатып, оны металлмен қоршау туралы талап қойған. Бұл қауіпсіздік мақсатындағы талап екен.

Ал жергілікті тұрғындар тандырды газдан ажырату көпбалалы отбасылардың нансыз қалуына әкеліп соқтырады, оған қоса, сол маңдағы ағаштарды шабылуына түрткі болады дейді. Өйткені, қалаларда соңғы уақытта жайқалып тұрған ағаштарды жаппай кесу басталған. Ағаш отынның бағасы да қымбаттаған.
Тұмар МЫРЗА
04 сәуір 2019 ж. 2 051 0

Қос өрім

13 қазан 2026 ж. 39

Тың туындылар тартысы

13 қазан 2026 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031