Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Киім салатын шифонеріміз де болған жоқ

Киім салатын шифонеріміз де болған жоқ

Қазір қоғамда көпбалалы аналар мәселесінің актуалдығы көтеріліп жатыр. Осы статусқа кіретін өнер жұлдыздары саусақпен санарлық. Көпбалалы аналар жай туралы қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші-композитор Роза Әлқожадан сұрағанымызда өткен өмірін былайша еске алды деп жазады газет тілшісі.

«Бес бала көз жұмған күні таңға дейін ұйықтаған жоқпын. Біреу анасын, біреу қоғамды кінәлады. Сол сәт өзімнің өткен күндерім көз алдыма оралады. Баланы дүниеге әкелу бар да, оның жауапкершілігі бар. Менің де бір кездері үйім, күйім болған жоқ. Ешқашан баланы босанып, үйде күтініп жатқан емеспін. Қашан қарасаңыз, баламды қолыма ұстап алып ана жаққа, мына жаққа кетіп барамын», — деді әнші.

Ел алаңдаған бес сәбидің ажалына байланысы ата-анасын кінәлағандарға композитор: «Онсызда жаны жаралы жанды жазғырудың жөні жоқ. Сондай жағадайды біз де басымыздан кешірдік. Жалдамалы, жағдайсыз пәтерлерді паналадық. Қарапайым мысал, киім салатын шифонеріміз де болған жоқ. Оны жасырмаймын. Атамыш жағдайдан кейін ұзақ уақыт күйеуім екеуіміз үйден шыға алмай жүрдік», —дейді.
А.ҚОСБАРМАҚОВА
23 наурыз 2019 ж. 1 516 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930