Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас келіншек Абай Бегейге ұл сыйлады

Жас келіншек Абай Бегейге ұл сыйлады

Өткен жылдың шілде айында екінші мәрте шаңырақ көтерген Абай Бегейдің жанұясында қуанышты жаңалық! Кеше әншінің шаңырағында ұл бала дүниеге келді. Бұл қуаныш туралы жүргізуші Анна Данченко өзінің инстаграмм парақшасында сүйінші сұрап хабарлады.


Сонымен, көпшіліктің сүйікті әншісі бесінші рет әке атанды. Әнші тіпті, ұлының атын Мүслім деп атап, есім де беріп қойған көрінеді.
Айта кетсек, Абай Бегейдің алғашқы некесінен үш қыз және бір ұлы бар. Өкінішке орай, әншінің бірінші жұбайы 2015-ші жылы дүниеден озған болатын.

Ал 2018 жылдың шілде айында Бегей екінші рет шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той жасады. Десек те, әнші бұл күнге дейін талай қиындықты бастан кешті. Бірақ, көпшілігі екінші рет отбасын құрған Абайды өзінен сонша жас кіші қызды алды деп сынап, үйленуіне қарсы болған. Дегенмен, сынға алғандардың көбі кейіннен Бегейге түсіністікпен қарап, қолдау көрсете бастады.

Бүгінде Абай Бегей ұлды болды деген жаңалықты естіген желі қолданушылары өз кезегінде әншіні қуанышымен құттықтап, ізгі тілектерін жаудыруда.

«Кішкентайдың бауы берік, жасы ұзақ болсын! Абай балам кішкентайдың бауы берік болсын! Құтты болсын Абай бауырым! Бауы берік болсын, салихалы, иманды ұл болсын. Алла қорғап, қолдасын»,- деп құттықтауда.

Естеріңізге сала кетсек, өзінен бірнеше жас кіші қызға үйленген Абай Бегей таяуда сәбилі болатынын өзі айтып қойған еді.

03 ақпан 2019 ж. 2 981 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930