Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » MERCEDES BENZ туралы сіз білмейтін 10 факт

MERCEDES BENZ туралы сіз білмейтін 10 факт

1.  1936 жылы Mercedes Benz нарыққа толық мөлшердегі седанын шығарды. Оның дизельді қозғалтқышының моделі – 260D.

2.  Рим папасына көбінесе осы Mercedes көліктері қызмет етеді және мұндай көліктерді бейресми түрде «папамобиль» дейді. Әдетте Рим папасының гаражында міндетті түрде бір мерседес көлігі тұрады.
Папамобильдердің тарихы:
1930 – Mercedes-Benz Typ Nürburg 460
1960 – Mercedes-Benz Typ 300 d Landaulet
1965 – Mercedes-Benz 600 Pullman Landaulet
1966 – Mercedes-Benz 300 SEL Landaulet
1967 – Mercedes-Benz 300 SEL lang
1980 – Mercedes-Benz 230 G mit Sonderaufbau
1985 – Mercedes-Benz 500 SEL
1997 – Mercedes-Benz S 500 lang Landaulet
2002 – Mercedes-Benz ML 430
2007 – Mercedes-Benz G 500 (Audienzwagen)
Сондай-ақ, папамобильдердің қатарында Fiat,Land Rover және өзге де көліктер болды. Алайда Mercedes орны бөлек. Қазіргі таңда Рим папасына Mercedes-Benz ML 430 қызмет көрсетеді.

3. M-100 сериясындағы барлық Mercedes қозғалтқыштары (көлемі 6,3 және 6,9 болатын V8) адам қолымен жиналады және автокөлікке орнатылмас бұрын 4 сағаттық сыннан өтеді.

4. Француздардың атақты «Кездесу» фильмінде басты рөлдердің бірін көлемі 6,9 литр Mercedes 450SEL ойнады. Автокөлікті сапалы «саундтрэкпен» қамтамасыз ету үшін көлік қозғалтқышының дыбысы фильм режиссеріне тиесілі Ferrari 275GTB шығаратын дыбысқа ауыстырылды.

5. Бағасы онсыз да қымбат саналатын Mercedes 300 SL көлігінің бамперлері тек қосымша ақыға ғана қойылатын, ал реттелмелі рөл негізгі комплектацияда болды.

6. Көлік ішіндегі тыныштықты қамтамасыз ету үшін барлық Mercedes S-class W140 көліктеріне екі қабатты терезе орнатылды. Бүгінді екінші реттік нарықта мұндай терезелер  өте қымбат тұрады.

7. Дубай қаласының көшелерінде қозғалтқышын SLR McLaren жасаған әлем бойынша жалғыз G55 AMG көлігі жүреді. Салмағы 2 тоннадан асатын бұл көлік 0-ден 100 км/сағат жылдамдығына айналдырған 4 секундтың ішінде жете алады.

8. Өте сирек кездесетін жарыс көлігі 450 SLC әлем бойынша автоматты қосу коробкасы бар жалғыз сәтті көлік саналады. Қосу коробкасы көптеген жылдар бойына созылған жарыстарда бірде-бірде ақау көрсетпеді.

9. 3 мыңнан аса данамен шығарылған Mercedes 500E көлігінің әрқайсысы Porshe компаниясы мамандарының қолымен 18 күнде жиналды.

10. Жаңадан шыққан GLK кроссоверіне сұранысты арттыру үшін Mercedes компаниясы тюнинг-ательелер арасында конкурс өткізді. Конкурста Legendary Motorcar Company жасаған мына «формалды емес» нұсқа жеңіске жетті.
31 қаңтар 2019 ж. 1 461 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930