Жүректі бұзатын 6 әдет
1.Күні бойы отыру
Майо (АҚШ) клиникасы мамандарының айтуынша, күніне 10 сағаттан артық отыру әдеті жүрек-қан тамырлары ауруларын 2 есе жоғарылатады. Май кетпейді, қан айналымы баяулайды және май қышқылдары тамырларды оңай бітейді.
2.Абыржу
Күйзелу – қалыпты, бірақ оны іште ұстау дұрыс емес. Ауыртпалықты басыңыз: спортпен айналысыңыз, медитация жасаңыз немесе достармен сөйлесіңіз. Ғалымдардың ойынша, ауыртпалықты түсіруге көмектесетін және жүрегіңізге ең пайдалысы уақытылы жаттығу жасау екен.
3.Тіс жібін қолданбау
Тіс жібі тек тіске ғана пайдалы емес. Ол тамақ қалдығын алып, бактерия көбеюінің алдын алады. Зерттеулер ауыздағы бактерия қанға өтіп, қабыну шақыратынын көрсетеді. Созылмалы қабыну өз кезегінде қан тамырлар ауруына әкеледі. Нәтижесінде, оның барлығы инсультке немесе инфарктқа әкелуі мүмкін.
4.Алкогольді артық ішу
Үнемі алкоголь ішетін адамдар гипертония (жоғары қан қысымы), артық салмақ, инсульт, бүйрек аурулары, рак және депрессияға жиі шалдығады.
5.Ұйқының қанбауы
Ұйқы жүрек-қан тамырлары жүйесіне демалуға мүмкіндік береді: біз ұйықтап жатқанда жүректің жиырылу жиілігі және артериялық қысым төмендейді. Ал созылмалы ұйқының қанбауы, керісінше, кортизол мен адреналин деңгейін көтереді. Соның себебінен ағза нағыз күйзелісті өткереді. Көптеген зерттеулер 6 сағаттан кем ұйықтайтын адамдар жүрек ауруымен көбірек ауырып, жиі инсульттан қайтыс болатындығын дәлелдейді.
6.Қоғамнан алшақтау
Кейде қарбаластан алшақ кеткісі келетін күй әркімнің басынан өтеді. Ол қалыпты жағдай. Бірақ қатынас (сөйлесу) жетіспейтін адамдар жүрек ауруынан қайтыс болуға тәуекел етеді. Кей зерттеулер бойынша, жалғыздық темекі тарту, гипертония және жоғары холестерин мөлшері секілді қауіп төндіреді екен.
Massaget.kz