Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының демографиялық ахуалы

Қызылорда облысының демографиялық ахуалы

2018 жылғы қаңтар мен сәуір айы аралағындағы жағдайға тоқталсақ. Осы жылдың 1 мамырына еліміздегі халық саны 786,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 348,0 мың (44,2%), ауылдықтар – 438,7 мың адамды (55,8%) құрады. 2017 жылғы 1 мамырымен салыстырғанда халық саны 11,4 мың адамға немесе 1,5%  өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-сәуірінде туылғандар саны 6043 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-сәуіріне қарағанда 3,3% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,30 туылғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтар-сәуіріндегі облыс халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 261  адамға немесе 6,0% артты, 4616 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 17,80 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1427 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-сәуіріне қарағанда 4,5% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,50 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-сәуірінде облыста 1 жасқа дейінгі 57 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 5,5% көбейді.   Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,43% құрады.  
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтар-сәуіріндегі көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан  12172 адам кетіп, облысқа 11146  адам келді. 2017 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда облысқа келгендер саны 2,3%, ал облыстан кеткендер саны 10,3%  азайған.
Алыс және жақын шет елдерге   14 адам  (2017 жылғы қаңтар-сәуірінде - 7 адам), республиканың басқа облыстарынан 2720 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде  3071 адам келген болатын.  
Облыстан 3743 адам немесе жалпы көлемнің 30,7% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-сәуірінде тиісінше 5231 адам немесе 38,5% кеткен болатын).
 Алыс және жақын  шет елдерге 17 адам, ал 2017 жылдың қаңтар-сәуірінде 14 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде 1026 адамға, 2017 жылғы қаңтар-сәуірінде 2167 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 8412 тұрғыны Қызылорда  аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-сәуірінде 8335  адам).


17 маусым 2018 ж. 1 778 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930