Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Студентті аяқ киімімен ұрған оқытушы қызметінен босатылды (видео)

Студентті аяқ киімімен ұрған оқытушы қызметінен босатылды (видео)

Өзбекстанның Хорезм облысы кәсіби автожол колледжінің биология пәнінің оқытушысы Зебо Нафасова оқушыға күш қолданғаны үшін қызметінен алынған.

Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен видеода оқытушы Зебо Нафасова студенттердің көзінше, 17 жастағы Мұхаммад Жуманазаровты аяқ киімімен ұрады. Тексеру барысында бұл видеоның 12 сәуірде түсірілгені анықталған.
Орта арнайы кәсіби білім беретін оқу орнының қызметкері Салохиддин Санакулов бұл оқиғадан кейін оқытушы Зебо Нафасова қызметінен алынды деп хабарлады.

Жәбірленушінің туысы оның анасы оқытушыны кінәламайтынын айтады. «Оның ойынша, мұғалім адам болсын деп істеген», – дейді жәбір көрген оқушының туысы.

Хорезм облысындағы Әйелдер ісі жөніндегі комитет қызметкері Зебо Нафасованың соңғы кезде қатты күйзелісте жүргенін айтады.

«Бірнеше күн бұрын оның күйеуін есірткі сақтады деген айыппен ұстап әкеткен. Қазір ол тергеу абақтысында. Зебо Нафасованы да тергеушілер үнемі сұрауға алып, күйзеліске түсірді. Бірақ кез-келген жағдайда, ол студенттерге қол көтермеуі тиіс еді», – дейді Әйелдер ісі жөніндегі комитет қызметкері.

[media=]
23 сәуір 2018 ж. 1 120 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 26

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930