Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт шыққан жағдайда не істеу керек?

Өрт шыққан жағдайда не істеу керек?

Таяуда Ресейдің Кемер қаласындағы «Зимняя вишня» деп аталатын сауда және ойын-сауық орталығында болған алапат өрт естіген жұртты бейжай қалдырған жоқ. Әсіресе балалардың шарпыған жалынның ортасында қалып кетуі өте сұмдық, қайғылы жағдай. Құдай бетін аулақ етсін, дегенмен апаттың айтып келмейтінін ескерсек, осындай төтенше жағдай орын алғанда не істеу керегін бәріміздің біле жүргеніміз артықтық етпейді. Ендеше, балаларыңызға төменде айтылатын жайлар туралы ескерте жүріңіздер.
 
Өрт, жарылыс қатері төнген кезде қауіпті затқа жақындауға, оны ұстауға болмайды. Бөлмедегі және көшедегі қауіпті жерлерден тез арада кету керек. Айналадағы адамдарға қауіп туралы ескертіңіз. Жарылыс сөзсіз болатынын сезсеңіз, онда жерге жатыңыз және басыңызды қолмен жауып алыңыз.
 
Көршілес ғимараттағы өрт, жарылыс кезінде тез арада полицияға  хабарлау керек. Эвакуация кезінде құжаттарыңызды және ең қажетті деген заттарыңызды алыңыз. Бүлінген заттарды, жалаңаш сымдарды ұстамай, ақырын қозғалыңыз.
 
Ғимараттағы өрт кезінде мына нәрсе есте болсын: Қауіп төнген орынды анықтап, өрт сөндірушілерді шақырыңыз. Өрт сөндіргіштерді қолданыңыз. Өртке қарсы тұсқа қарай, түтін таралмаған баспалдақтармен қозғалыңыз.
 
Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек. Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз.
 
Өрттің ауқымы шағын болса, оны крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз. Ғимараттағы барлық ток көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз. Егер өрт көпқаббатты ғимараттың  төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек.
 
Пәтерден шықпас бұрын есіктің арғы жағында оттың бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін есікке жақын барып, оның тұтқасы сияқты металды жерлерін ұстап көріңіз. Ол ыстық болса, есікті ашпаңыз. Керісінше, есіктің саңылауларын дымқыл матамен бітеп тастаңыз. Есіктің бергі жағына су шашыңыз;
 
Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз.
 
Өрт шатырда немесе жертөледе орын алса, өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше өрт шыққан аумаққа апаратын есік-терезелерді, люктарды жауып тастау керек.
 
Өрт шыққан үйден адамдарды эвакуация­лау кезінде балалардың төсектің астына, сөрелер мен қуыстарға тығылып қалатынын естен шығармаңыз.
 
Күйік алған адамдардың үстіндегі киімін шешуге болмайды. Күйген жеріндегі киімін қиып, теріге жабысқан күйі қалдыру керек.  Күйікті спирттелген немесе марганец ерітіндісіне малынған матамен жабады.
 
Өрт болмас үшін үйде, ғимарат ішінде темекі шекпеңіз. Темекіні толық сөндірілгеніне көзіңіз жетпей тұрып терезеден лақтырмаңыз.
 
Тамақ істеп жатқанда газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз. Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасаңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз.
 
Өртке арналған сатылар мен төтенше жағдайда шығатын есіктерді жаппаңыз. Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетіңіз. Себебі өрт шыққанда оның нұсқаулығын оқып тұруға уақытыңыз болмайды.
 
От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
 
Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз.Өрт сөндіру – 101, полиция – 102, «жедел жәрдем» – 103, газ апатынан құтқару қызметі – 104, құтқару қызметі – 109.
05 сәуір 2018 ж. 2 024 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031