Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пәтер сатып аларда нені ескерген жөн?

Пәтер сатып аларда нені ескерген жөн?

Қонақ бөлменің түсқағазы қандай болатынын жоспарламас бұрын, бірінші жылжымайтын мүлікті шамамен қандай бағада сатып алуға дайын екеніңізді анықтап алыңыз. Сарапшылардың айтуынша пәтердің орналасқан жері мен көлемі ең алдымен осы сұраққа тәуелді. Содан кейін ғана Baq.kz тілшісі дайындаған төмендегі кеңестерге құлақ түріп, өзіңізге жайлы пәтер таңдауға кіріссеңіз болады.

Сіз тұратын үйдің жанында не болуы керек?

Сіз жиі баратын орындар, мысалы дүкендер, қоғамдық көлік аялдамасы, балабақша, мектеп, аурухана жаяу 15 минутта жететін жерде орналасуы керек. Ақшаңызды үнемдеймін деп қала шетінен пәтер іздесеңіз жұмысыңыз бен оқу орны, немесе басқа да орындарға күнделікті барып келуге қанша уақыт кететінін есептеп көріңіз.
Қазір әрбір үйде бір автокөлік, сол себепті көлік тұрағы мәселесін де шешіп алған дұрыс.

Жаңа тұрғын үй мен қолданыстағы тұрғын үйдің қайсысын таңдаған дұрыс?

Әрине, жаңаның бәрі әрқашан жанға жайлы. Бұл дегеніміз таза подъезд, үздіксіз жұмыс істейтін лифт... Мамандардың өзі де алған соң бірден пәтердің жаңасын сатып алу керегін құптайды. Мұндай жағдайда сіз осы заманға сай салынған, барлық коммуникациямен қамтылған таза пәтерге қол жеткізесіз. Бұдан бөлек жаңа тұрғын үй кешендері маңайында инфрақұрылымды нысандардың барлығы болатыны анық. Сарапашылардың бір бөлігі жаңа пәтерді сатып алғанда жөндеу жұмыстарына қосымша қаржының көптеп кететінін, сондай-ақ қабырғаны тесіп, құрылғылар орнатып жатқан көршілерге де төзіммен қарау керегін ескертеді.
Ал қолданыстағы үйлерден пәтер алушылар жылжымайтын мүлік пен құжаттарға қысқа мерзімде қол жеткізеді. Ал жаңа пәтер іздегендер құрылыстың аяқталмай, ұзақ уақытқа созылуы, құрылысты салушының банкрот болуы секілді қауіп-қатерлерге тап болуы мүмкін.

Пәтер қарайтын кезде аңғарымпаз болыңыз

Пәтерді қарап шығу ұзақ уақытты алады. Сарапшылар бірнеше пәтерді бірден қарамау керегін ескертеді. Сондай-ақ пәтерлерді күндізгі уақытта аралап шығыңыз, себебі жарықтың қалай түсетінін біле аласыз. Көргеніңізді фотоаппарат немесе смартфоныңызға фотоға түсіріп жүруді ұмытпаңыз. Кейін асықпай суреттерді тамашалағанда кемшіліктері мен айырмашылықтарын байқай аласыз.

Пәтерді қай қабаттан алған дұрыс?

Бірінші қабаттың кемшіліктері: сыз, суық (әсіресе жылуды өшіргенде), иіс, көшедегі дыбыстар, ұрылардан қорғану керек, үй терезесінен көшедегі адамдар да, пәтер иелері де көрініп тұрады.
Бірінші қабаттың артықшылықтары: көшкенде ешқандай қиындықтар жоқ, лифт көмегіне жүгінбейсіз.
Соңғы қабаттың кемшіліктері: егер үй нашар салынса немесе комуналдық қызмет нашар жұмыс істесе шатырдан су ағу, ал лифт бұзылғанда жаяу жоғары көтерілу, жоғарыға келетін су күшінің әлсіздігі немесе тек суық судың келуі.
Соңғы қабаттың артықшылықтары: айқай-шуы естілетін төбеңізде көршілеріңіз жоқ және терезеден айнала әдемі көрінеді.
Жоғары қабаттағы пәтерді көргенде шатырдың соңғы рет қашан жөнделгенін біліп алыңыз. Пәтер қабырғасына зер салыңыз, егер шатырдан жиі су ақса онда қабырға ылғал болады немесе судың ізі қалып қояды.
Ең ұтымды шешім – 3-пен 5-қабат аралығы.
Бөлме саны, жарықтың түсуі және т.б.
Қанша бөлмені қалайтыны адамның өзіне ғана аян. Біреуге көлемі кішкентай болса да 3 бөлме, ал біреуге көлемі кең екі бөлме ұнауы мүмкін. Әр адамның жиі жалғыз қалуды қалайтынын ескеріңіз, ал көп адам тұратын үйде орын болмауы мүмкін.
Екі бөлмелі пәтер болса аралары бөлініп тұруы тиіс. Ал бір бөлмелі пәтер жарық болуы керек.
Жарықтың түсуі терезенің қай тұсқа қарап салынғанына байланысты, мысалы өсімдіктеріңіз бен аквариумыңыз болса жылы жақ, яғни терезелер оңтүстікке қарай орналасуы тиіс. Мұндайда жергілікті климат ыстық болса жазда желдеткішсіз өмір сүру қиын, бұл да қосымша шығын. Ал бөлмеңіздің жартылай қараңғы болуын қаласаңыз солтүстікті таңдаңыз, дегенмен пәтердің үнемі қараңғы болуынан электр жарығына қосымша шығын кетеді.
Дәретхана пен жуынатын бөлменің бөлек болғаны дұрыс. Себебі дәретханада біреудің барын, не жуынып жатқанын күтіп тұрмайсыз.

Пәтердің инфрақұрылымын бағалаңыз

Техникалық инфрақұрылым – жөндеу жұмыстарының ең қымбат бөлігі. Мұны техпаспорт арқылы зерттеуге болады: үй төбесінің биіктігін, электр сымдар жүйесі, сантехника мен жылыту қалай жүргізілгенін анықтап қараңыз. Сондай-ақ, желдету мен шудан оқшалау жүйесін бір тексеріп шығуды ұмытпаңыз.
Пәтер бұрыштары мен терезе жанын тексеріңіз. Үй ылғал болса әдетте қабырға көгеріп тұрады. Пәтердің бұрын жалға берілгенін білсеңіз онда сізге сатып алғаннан кейін құлпын ауыстыруға тура келеді.
Су мен электр есептеуішінің бар-жоғын анықтаңыз, егер жоқ болса онда өзіңіз орнатуыңыз қажет. Есептеуіш болған жағдайда тексерілген күнін қарап алыңыз. Ескі үйлердің балконына шығу қауіпті екенін ескерсек оны да көзбен шолып шығыңыз.

Болашақ көршілеріңіздің кімдер екенін анықтаңыз

Подъезд алдында бөтелке, шприц секілді заттардың жатуы сол үйдің тұрғындары туралы көп ақпар береді. Мұндай заттардың жоқтығы тұрғын үйдің қауіпсіздігіне кепіл бола алмайды. Егер көрші подъезде ішімдікке салынған адамдар, қаңғыбастар өмір сүретін болса тағы да ойлануыңыз керек. Пәтерді сатып алмас бұрын жоғары және төменгі қабатта, жаныңызда кімдер тұратынын анықтап алыңыз. Ал жаңа пәтер қарастырып жүргенде көршілердің кім екенін бағамдай алмайсыз.
Алаяқтарға алданып қалмас үшін бірден келіссөздер жүргізуге тырыспаңыз. Пәтерлерді әртүрлі агенттіктерден қараңыз. Үйдің бағасын түсіру үшін пәтер кемшіліктері мен проблемалық тұстарын көптеп тауып алыңыз. Мысалы, қауіпті әрі ескі балкон, үйдің қауіпті ауданда орналасуы, қабырғаның көгеруі, бірінші қабаттағы пәтер және т.б.

Назерке Абибулла

Baq.kz
06 қаңтар 2018 ж. 1 747 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 43

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 34

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031