Саяхат сананы сергітеді
Қазақ менталитетінде етек-жеңін жиып, оң солын таныған азамат нан табуы тиіс. Жиғанын тойда шашып, ерте үйленген қошталады. Содан кейін шаңырақты балаға толтырып, өмір бойы көзге көрінгендерді жеткізіп, оқытып, тоқыту үшін жұмыс жасауы қалыпты жағдай. Мұны бұрыс деуге болмас. Дегенмен қамшының сабындай жалғанда заманауи қазақтың мұндай дәстүрлі жоспармен келіспесі анық. Бүгінгінің адамдары өзін-өзі дамытуға, дүниетануға, саяхатқа көбірек уақыт бөлгенді дұрыс көреді. Тәуелсіз елдің жаңа ұрпағының санасында оянған саяхатшылық адам жанына не береді? Бірге білейік.
Салауатты саяхат
Саяхаттаудың ең үлкен пайдасы, сөзсіз, релаксация. Адам ауыр жұмыс күндерінен кейін демалысқа шығады. Түптің түбінде демалыс физикалық және эмоционалды күштерді қалпына келтіру үшін ойлап табылғанын ұғыну қажет. Бұл үшін экстремалды немесе туристік сапарларға арналған опцияларды қоя тұрған жөн. Жанның тыныштығы керек болса барлық жағдай жасалған қонақ үй, курорт, СПА салон, тау бунгалосынан бас тартпаған жөн екен.
Жаңа эмоциялар
Әуесқой саяхатшылардың пікірінше, тіпті бір кішкентай саяхат бірнеше жылдық қарапайым өмірден гөрі көбірек әсер қалдырады. Жаңа орындар, көрікті жерлер, ерекше тағамдар, қоршаған ортаның өзгеруі – мұның бәрі өмірге керемет серпін береді. Бұған қоса, достарыңыз бен таныстарыңызға айтатын нәрсеңіз болады. Сонымен қатар эмоционалды заряд алдағы жұмыс өнімділігіңізге оң әсер етеді, жаңа жетістіктерге шабыттандырады. Тіпті қарапайым өміріңізге түзетулер енгізе алады. Сонымен тамаша сапардан кейін адам жаңа хоббиге қызығуы немесе өмір бойы қызықпаған спортпен айналысуы мүмкін.
Жаңа дағдыларды меңгеру
Сапарыңыздан барынша пайда алу үшін жаңа нәрсені үйреніңіз. Егер теңізді немесе мұхитты таңдаған болсаңыз, дайвингке барыңыз. Қыста тауға шығып, сноуборд немесе шаңғы тебуді үйренуге болады. Шет елде аспаздық шеберлік сабағына, би немесе ән сабақтарына қатыса аласыз. Тіпті кәдімгі жаяу саяхатта көптеген пайдалы дағдыларды үйренуге болады.
Тіл үйрену
Шет тілдерінің тәжірибелі мұғалімдері ана тілінде сөйлейтіндердің ортасында тілді үйрену әлдеқайда оңай екенін растайды. Сондықтан жаңа тіл үйреніп жатсаңыз, сол мемлекетке сапар шегу зиян тигізбейді. Осылайша екі пайдалы нәрсені біріктіресіз – жаңа тілмен танысып, дағдыларыңызды жетілдіресіз.
Танысу және достар
Әрбір сапар жаңа адамдармен танысумен бірге жүреді. Сонымен сапар барысында қызықты адамдармен танысып, олардың өмір сүретін елінің тарихын біліп, тіпті жақын қарым-қатынас орнатып, достасуға болады. Тіпті бір кішкентай сапар да сіздің өміріңізді түбегейлі өзгерте алады.
Өзіңізді және күшіңізді сынау мүмкіндігі
Егер туристік агенттіктің көмегінсіз өз бетіңізше саяхаттағыңыз келсе және барлығы қосылған қонақүйде тұрғыңыз келсе, бұл өзіңізді сынауға тамаша мүмкіндік болады. Әрине көптеген қиындықтар мен келеңсіздікке тап болуыңыз ғажап емес. Бірақ бұл тек күшті болуға көмектеседі. Сізге өз бетінше саяхат маршрутын жасау, бюджетті бөлу, билеттерді брондау, қонақүйді таңдауыңыз қажет. Мұндай сапарлар жауапты және тәуелсіз тұлға болуға көмектеседі.
Әртүрлі мәдениетпен танысу
Жаңа елге бару – оның мәдениетіне ену деген сөз, және бұл тек көрікті жерлер мен пейзаждар ғана емес, тарих, асхана, тұрмыс, салт-дәстүр, дін, музыка, би, менталитеттің өзге түрлерін тануға септеседі. Белгілі бір халықтың ерекшеліктерімен танысу жалпы әлем туралы біліміңізді кеңейтуге көмектеседі.
Табыс жолы
Сіз таңдана: «Қалай?» деп сұрайсыз. Өте қарапайым түрі – блог жүргізу. Қазіргі заманда фотоларыңыз бен бейнелеріңіз үшін жақсы ақша табуға болады. Саяхат блогерлері саяхаттары туралы әңгімелейді, қызықты жерлерді суретке түсіреді, туристерге кеңес береді және жаңа тағамдарды жеп көреді. Табыстың бұл жолы әдеттегі жұмысты алмастыруы мүмкін. Көптеген танымал блогерлер тіпті қонақүйлерде тегін тұрады және бейнежазбалары мен жарнамалық интеграция үшін әртүрлі елдерге тегін сапарлауға мүмкіндік алады.
Балаларға саяхаттаудың пайдасы
Бұрын көптеген ата-ана балаларға саяхаттаудың іс жүзінде ешқандай пайдасы жоқ деп есептеді. Өйткені, бұл климаттың өзгеруі, ұзақ сапарлар және серпінді өмір салты. Дегенмен қазіргі ата-аналар олай ойламайды және балаларын өздерімен бірге қуана алып жүреді. Сәтті сапардың негізгі шарты – белгілі бір ережелерді сақтау. Көптеген елдің заңнамасына сәйкес, кішкентай балаларды автокөлік орындықтарында тасымалдау керек. Балаңызға ыңғайлы болу үшін оған тынығуға мүмкіндік беру үшін бірнеше сағат сайын үзіліс жасаңыз. Сондай-ақ жолды және тұрғын үй мәселесін алдын ала ойластырып, барлық қажетті заттарды жинап алу керек.
Ересектер сияқты, балалар саяхаттау кезінде жағымды эмоцияларға ие болады, жаңа дағдыларды үйренеді, достасады. Жас балалар жаңа тілдерді өте тез меңгеретінін атап өткен жөн. Кішкентай туристің ой-өрісі де кеңейеді, ол әлемнің үлкен екенін және әртүрлі адам мекендейтінін түсіне бастайды. Болашақта бұл балаға ісін тез жүзеге асыруға және өмірлік жоспарларын құруға көмектеседі.
Дайындаған
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ