Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзі жүретін пойыз

Өзі жүретін пойыз

Жапонияда өзді­гі­нен жүретін жүрдек пойыз сынақтан сәтті өтті. East Japan Railway компа­ния­сы­ның бастамасымен жүзеге асқан жоба Ниигата префектурасында жұмыс күші тапшылығын жоюға бағытталған. Осылайша, келешекте Жапонияда жүргізушісі жоқ пойыздар қолданысқа енеді, деп хабарлайды egemen.kz
Өткен сәрсенбіде 12 вагоны бар шапшаң жүретін пойыз сынақтан сәтті өткені белгілі болды. Жүргізушісі пойызды автоматты режімге өткізген соң, темір тұлпар мүлт кеткен жоқ. Бұл пойыздар Е7 нұсқасы ретінде жасалған. Ол диспетчерлік пункт­тен қашықтан басқарылады.
Бұл – Жапонияда өте шапшаң жүретін пойыздың автономдық жұмысының алғашқы сынағы. Басты мақсат – машиниссіз жүретін пойызды қолданысқа енгізу. Әйтсе де, сынақ кезінде қандай да бір төтенше жағдайға жол бермес үшін локомотивке бірнеше жүргізуші мен қызметкер мінді.
Пойыз Ниигата стансасынан 5 шақырым алыс­та­ған соң, жылдамдығын сағатына 110 ша­қы­рым­ға дейін ұлғайтып, Синкансэн Ниигата вокзалында тоқтады. Вагондар жоспарлы орынға 8 санти­метрге жетпей қалған. Бірақ компания өкілдерінің айтуынша, мұны қалпына келтіру оңай. Өйткені 50 сантиметрге дейінгі аралықта ауытқулардың алғашқы сынақта болуы қалыпты жағдай.
East Japan Railway компаниясының ресми өкілі автономды пойыздың тоқтау әдісі машинист жұмысына «тең келетінін» айтып, компания оны әлі де жетілдіру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді. Жапонияда темір жолда автоматты басқару жүйелері жердегі және өткелдері жоқ кейбір монорельсті жолдарға енгізілген.
19 қараша 2021 ж. 505 0

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 28

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 30

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 28

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 26

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 26

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 24

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031