Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19-ға қарсы таблетка түріндегі дәрі шығарылмақ

COVID-19-ға қарсы таблетка түріндегі дәрі шығарылмақ

Pfizer америкалық фармацевтика компаниясы БҰҰ қолдауымен Женевадағы дәрі-дәрмек патенттік пулымен COVID-19-ға қарсы таблетка шығару туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды egemen.kz
Сейсенбіде жарияланған мәлімдемеде бұл препаратты өндіруге лицензия беру – оны әлем халқының 53%-ы тұратын 95 елде шығаруға мүмкіндік беретіні көрсетілген.
Ресей Pfizer компаниясына 90 еріктіге клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат берді, деп хабарлады Дәрі-дәрмектердің мемлекеттік тізілімінде.
«Бастапқыда біз бұл дәрі-дәрмекті тек қауіп тобында тұрған адамдар үшін қолдану керек деп ойлаймыз. Мақсаты – олардың ауруханаға түсуіне және аурудың ауыр өтуіне жол бермеу. Сондықтан препаратты алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін бірден қабылдау керек», деді Патенттік пул өкілі Эрве Верхусель.
Нидерланд тұрғындарының көпшілігі санитарлық рұқсатнамалар тек ауырып шыққан немесе вакцинациядан өткен адамдарға берілетін жүйені енгізуді қолдайды. Мұндай деректерді сейсенбі күні нидерландтық БАҚ I & O Research компаниясының зерттеуіне сілтеме жасай отырып ұсынды. Қоғамдық денсаулық сақтау институты бір апта ішінде оң нәтиже көрсеткен тестілердің саны 44%-ға артқанын, бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш екенін айтты. Коронавирус жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызу саны 12%-ға өсті.
Хорватияда мемлекеттік мекемелерге баратындардың барлығы енді санитарлық рұқсатнамаларын көрсетуі тиіс. Осы уақытқа дейін бұл талап тек денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру сала қызметкерлері үшін ғана міндетті болды.
Украинада сейсенбі күні коронавирустан болған өлім саны жаңа антирекорд орнатты. Президент Владимир Зеленский желтоқсаннан бастап екпе жасатқандардың әрқайсысына 1000 гривен (33 еуро) төлеуге уәде берді.


17 қараша 2021 ж. 398 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930