Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Pfizer вакцина 5-11 жас аралығындағы балалар үшін тиімді екенін мәлімдеді

Pfizer вакцина 5-11 жас аралығындағы балалар үшін тиімді екенін мәлімдеді

Pfizer компаниясы жүргізген клиникалық зерттеуге 5-11 жас аралығындағы 2 268 бала қатысқан. Олардың үштен екісі препараттың екі дозасын алды. Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинасы 5-11 жас аралығындағы балалар үшін тиімді екенін мәлімдеді. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жазылған.
Pfizer компаниясы жүргізген клиникалық зерттеуге 5-11 жас аралығындағы 2 268 бала қатысқан. Олардың үштен екісі препараттың екі дозасын алды. Компоненттерді егу арасындағы мерзім - 21 күн. Қалған қатысушылар плацебо алды.

"10 мкг доза салынған қатысушылардың иммундық реакциясы Рfizer-BioNTech-тың 16-25 жас аралығындағы тұрғындарға жасаған зерттеу нәтижесімен ұқсас. Оларға вакцинаның 30 мкг дозасы салынған болатын. COVID-19-ға қарсы вакцина жақсы қабылданды. Жанама әсері 16-25 жас аралығындағы қатысушылармен бірдей", - деп жазады РИА Новости компания мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Компания зерттеу нәтижесін азық-түлік өнімдері сапасын санитарлық бақылау басқармасы (FDA) мен дәрі-дәрмек жөніндегі еуропалық агенттікке (EMA) ұсынады. Олардан екпені балаларға қолдануға рұқсат алу көзделіп отыр.

Жыл соңына дейін 6 айдан асқан балаларға арналған вакцинаны зерттеу қорытындысы жарияланады.
Қазақстанның денсаулық министрлігі балаларға екпе тек ата-ана рұқсатымен салынатынын хабарлаған болатын. Аяғы ауыр әйелдерден де рұқсат алынады. Сондай-ақ, бұл тізімге бала емізетін әйелдерді қосу жоспарланып отыр.
21 қыркүйек 2021 ж. 436 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930