Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Германия арзан газды армандап отыр

Германия арзан газды армандап отыр

Германияда «Солтүстік ағын – 2» газ құбырын іске қосу қажеттілігі туралы айтылды. Бұл пікірді Германияның Бундестаг депутаты, Экономика және энергетика комитетінің бұрынғы басшысы Клаус Эрнст жеткізді, деп хабарлайды egemen.kz
Оның айтуынша, Германияға қолайлы бағамен газ қажет, ал неміс тұтынушылары құбырды іске қосу қажеттілігін сезінген.
«Солтүстік ағын – 2» газ құбырының жұмыстары дәл қазір аяқталды. Бұл – үлкен жетістік. Енді Германияға қажет газды қолайлы бағамен жеткізе алатын сәт туды», - деді Эрнст.
Депутаттың айтуынша, қалған нұсқалар, әсіресе АҚШ-тан тасымалданатын газ қымбатқа түседі.
«Менің ойымша, неміс газ тұтынушылары және Еуропаны жеткілікті газбен қамтамасыз ету үшін бүгінде құбыр желісін іске қосу қажеттілігі туындап отыр», деп түйіндеді ол өз ойын.
Бұған дейін Эрнст Ресейдің «Северный поток – 2» газ құбырын сертификаттаудағы Украина мен Польшаның рөлін бағалады. Эрнсттің айтуынша, Украина «Солтүстік ағын – 2» сертификациясына қатыспауы керек. Елдің жалғыз міндеті — газ төлемдерін төлеу деп есептейді Парламент мүшесі.
8 қараша күні «Газпром» департаменті бастығының орынбасары Алексей Фиников «Солтүстік ағын – 2» құрылысы аяқталғанын, газ құбыры іске қосылуға дайын екенін айтты.


09 қараша 2021 ж. 723 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 142

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031