Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Премьер-Министр Қызылордада салынатын магистральды газ құбырының жобасымен танысты

Премьер-Министр Қызылордада салынатын магистральды газ құбырының жобасымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында «Қараөзек» компрессорлық стансасына барды. Онда Үкімет басшысы Президенттің бесінші әлеуметтік бастамасы - «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» шеңберінде «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылыс жоспарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ге сілтеме жасап.
Қараөзек стансасы Қазақстан кен орындарының батыс топтарынан (Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз, Жаңажол және Өріктау газы) табиғи газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Бейнеу-Бозой-Шымкент газ магистралды жүйесінде жұмыс істеуге бағытталған. Зауыттың өнімділігі жылына 10 миллиард текше метрді құрайды, бұл көрсеткішті болашақта жылына 15 миллиард текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Биылғы шілде айында «Қараөзек» компрессорлық стансасынан «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана» бағытында 2,7 миллион адамды табиғи газбен қамтамасыз ететін «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы басталады.
Жобаның бірінші кезеңде ұзындығы 1 081 шақырым «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Астана» бағыты бойынша магистральдық газ құбырының құрылысы жоспарланған. Екінші кезеңде ұзындығы 276 шақырым болатын «Астана - Көкшетау» газ құбыры тартылады. Үшінші кезеңде - 177 шақырым болатын «Көкшетау - Петропавл» учаскесі және соңғы төртінші кезеңде аталған газ құбырынан газ тұтынудың болжамды ұлғаюын есепке ала отырып, магистралды газ құбырының өткізгіштік қуатын жылына 3 млрд текше метрге дейін жеткізу үшін «Жезқазған» және «Теміртау» компрессорлық стансаларын салу көзделіп отыр. Магистралды газ құбырын толтыру және тұтынушыларды газ жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана әкімдіктері 2019 жылдың шілдесіне дейін газ құбырының аяқталуын синхрондау арқылы газ тарату желілерін жобалайды.
Сондай-ақ бұл жоба магистралды газ құбыры бойындағы инфрақұрылымды белсенді дамытуға, табиғи газды пайдалануға қатысты жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сапар барысында «Қызылорда-Жезқазған» автожолын дамыту перспективалары да қаралды.
29 наурыз 2018 ж. 1 091 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930