Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай ғарышты қоқыстан тазаламақ

Қытай ғарышты қоқыстан тазаламақ

Қытай «Shijian-21» арнайы жерсерігін орбитаға шығарды, деп хабарлайды kznews.kz cайты news.cn агенттігіне сілтеме жасап.

«Shijian-21» жерсерігі 24 қазан күні Бейжің уақытымен таңғы 9:27-де Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды.
Жерсерік орбитадағы ғарыш қоқыстарын, ескі зымырандар мен аппарат қалдықтарын жинаумен айналысады. Сондай-ақ Жер маңындағы ғарыш қоқыстарының пайда болуын тоқтату технологияларын тестілеу үшін пайдаланылатын болады.
Роскосмостың мәлімдеуінше, жер орбитасында жалпы массасы 7 000 тоннадан асатын ғарыш қоқыстары бар. Түрлі мәліметтерге сүйенсек ғарышта 13 000-нан астам дене қозғалыста. Оның шамамен 7%-ы ғарыш аппараттары. Ал қалғаны орбитаға жайылған қоқыстар көрінеді.
Айта кететіні, бұл ұшыру Long March сериялы зымыран тасығыштарының 393-ші миссиясы болды.
25 қазан 2021 ж. 728 0

Жұмбағы мол Жанкент

22 тамыз 2026 ж. 33

Қойнауы құт Қызылқұм

22 тамыз 2026 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31