Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Латвия вакцина ектірмегендерге дүкенге кіруге тыйым салды

Латвия вакцина ектірмегендерге дүкенге кіруге тыйым салды

Мектеп оқушылары бетперде киіп жүруге міндеттелді. Латвияда COVID-19 дертіне қарсы вакцина салдырмағандарға дүкенге кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ел премьер-министрі Кришьянис Кариньштің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Бұл шешімді Латвияның дағдарысты басқару жөніндегі кеңесі қабылдады. «Дүкендерге тек COVID сертификаты бар адамдар бара алады. Бірақ азық-түлік дүкендеріне барлығы кіре алады», – деді саясаткер. Кариньш халықты тезірек екпе салдыруға және мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге үндеді. Сонымен қатар кеңес мектеп оқушыларын бетперде киіп жүруге міндеттеді. Енді бұл шешімді үкімет 8 қазанда бекітуге тиіс. Осы күнге дейін бұл елде халықтың 50% коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус әлем халқының 70%-ын вакциналау үшін шамамен қанша доза керектігін айтқан болатын. Ол препараттар санының әр елде әркелкі болуы «жаһандық апатқа» әкеліп соққанын, бірақ жағдайды ретке келтіруге әлі де мүмкіндік бар екенін атап өтті.

08 қазан 2021 ж. 469 0

Түркияда тағы жер сілкінді

08 қыркүйек 2025 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930