Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ басшысы COVID-тың жаңа қауіпті штамы пайда болуы мүмкін екенін айтты

ДДСҰ басшысы COVID-тың жаңа қауіпті штамы пайда болуы мүмкін екенін айтты

Kyzylorda-news.kz Әлемде үнді штамынан да қауіпті болатын жаңа штамм пайда болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Халықаралық олимпиада комитетінің 138-ші сессиясында осылай деп ескертті.

Гебрейесустың айтуынша, инфекцияның бүкіл әлемге таралуы жаңа штаммның пайда болуына әкеп соғады.
«Коронавирустың таралу аумағы кеңейген сайын, қазіргі «дельтадан» да қауіпті штаммның пайда болу мүмкіндігі артады. Вирустың жаңа түрлері көбейген кезде, олардың біреуі вакцинаға бағынбай, біз тағы ең басына оралуымыз мүмкін», – деді ДДСҰ басшысы.
Гебрейесус COVID-19-ға қарсы күресте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басты міндетін атады. Ол әр елде халықтың 70 пайызының вакцина салдыруы.
Гебрейесустың пікірінше, пандемияны бақылауға алуға болады. Алайда індетті толығымен жою үшін 11 миллиард доза профилактикалық препарат қажет.
21 шілде 2021 ж. 769 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 163

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031