Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 миллионнан асты

Reuters агенттігі мәліметтері бойынша, әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың жартысынан көбі АҚШ, Ресей, Бразилия, Мексика мен Үндістанда тіркелген. Сонымен қатар, кейінге апталарда өлім көрсеткішінің жаһандық өсуі баяулады, - деп хабарлады агенттік.
Өлім-жітімнің жоғары деңгейі Оңтүстік Америкада тіркелген, қайтыс болғандардың 21 пайызын құрайды. Одан кейін кезекте Солтүстік Америка мен Шығыс Еуропа тұр, олардың әрқайсысы барлық қайтыс болғандардың 14 пайызынан астамын құрайды.

Еске салайық, Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 науқас қайтыс болды. Коронавирус инфекцияның 1717 жаңа жағдайы тіркелді.