Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропада коронавирустың тағы бір қауіпті штамы тарала бастады

Еуропада коронавирустың тағы бір қауіпті штамы тарала бастады

«Дельта» штамының мутацияға ұшыраған жаңа түрі толық вакцина алғандарға да жұға береді. Швецияның Уппсала округінде коронавирустың «дельта» штамының қосымша мутацияға ұшыраған жаңа түрі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

SVT Nyheter басылымының жазуынша, инфекцияның бұл түрі ел ішінде жылдам тарап, біртіндеп Еуропаға «жылжи» бастаған.
Швецияда анықталған науқастардың бәрі аз ғана уақыт бұрын Испания мен Португалияға барып келген көрінеді.
«Аталған мутацияның қаншалықты жұқпалы екені белгісіз, дегенмен, оның тіпті толық вакцина алған адамдарға да жұға беретіні анықталды», - делінген хабарламада.
Бұқаралық ақпарат құралы Уппсала университетінің сарапшысы Матс Мартинеллдің пікіріне сілтеме жасай отырып, «ғалымдардың жаңа штамм салдарынан індет қайта өршіп кетуі мүмкін деп болжағанын» жазады.
Бұдан бұрын COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны әлем бойынша әлі де артып жатқаны, сондай-ақ, коронавирустың «альфа», «бета», «гамма» және «дельта» штамдарының географиялық ауқымы ұлғая түскені хабарланған еді. Соңғы күндері «альфа» штамы тараған елдер саны — 185-тен 190-ға дейін, «бета» — 136-дан 138-ге дейін, «гамма» — 81-ден 82-ге дейін, «дельта» 142-ден 148-ге дейін артқан.
24 тамыз 2021 ж. 540 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930