Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжікстанда коронавирустың "дельта" штаммы тіркелгені хабарланды

Тәжікстанда коронавирустың "дельта" штаммы тіркелгені хабарланды

Тәжікстан денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елде коронавирустың "дельта" штамы тіркелгенін растады. Бірақ министрліктегілер жалпыұлттық карантин жариялаудың қажеті жоқ деп есептейді.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Гафур Мухсинзода Тәжікстанда коронавирустың "дельта" штаммы бар деп мәлімдеді. Ол бұл штаммның көрші елдерде барына сүйенген. Оның айтуынша, сынақ нәтижелері Лондондағы зертханаға жіберілген.

Гафур Мухсинзода 26 шілдеде Душанбеде өткен баспасөз конференциясында коронавирус жұқтырған науқастардың әрбір бесіншісі қатты ауырады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, билік жағдайды аса күрделі емес деп есептейді, сол себепті қосымша карантин енгізілмейді.

Биыл наурызда Үндістанда коронавирустың "Дельта штамм" деп аталған жаңа түрі анықталған. Ол әлемнің кем дегенде 111 еліне тарады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы елде 14 592 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 117 адам қайтыс болған. Дегенмен сарапшылардың дені ресми мәліметке күмән келтіреді.
26 шілде 2021 ж. 525 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031