Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузия әлемде ковидтың таралуы бойынша 2-ші орынға шықты

Грузия әлемде ковидтың таралуы бойынша 2-ші орынға шықты

Грузия коронавирустың таралу жылдамдығы бойынша әлемде екінші орынға шықты: 100 мың тұрғынға жүзден астам жағдай келеді. Бұл статистиканы The New York Times ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басылымның мәліметінше, қазір бұл көрсеткіш бойынша Грузияны тек Ұлыбританияның Ирландия теңізіндегі Мэн аралы басып озады.
Грузия Денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе қалыптасқан жағдайға түсініктеме берді. 
«Инфекция жұқтырудың жаңа жағдайларының көп болуы дельта штаммының таралуына байланысты болды. Бұл біздің бүгінгі күрделі процесстің басты себебі», деп «Sputnik Грузия» министрдің сөзін келтіреді.
Министр соңғы бірнеше аптада елде жедел жәрдем бригадаларының шақырулар саны 50 пайызға артқанын атап өтті. Көп жағдайда дәрігерлер шақырту орындарына кешігіп келетіні анықталды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Грузияда коронавирус жұқтырғандардың саны 455 846-ға жетті. 43 мыңнан астам пациент аурудың белсенді сатысында болса, 6182 адам инфекцияның құрбаны атанды. 205 мың азамат вакцинацияның толық курсынан өтті.
Бұған дейін Тбилиси жұқпалы аурулар ауруханасының басшысы Тенгиз Церцвадзе Грузияның Денсаулық сақтау жүйесінде Сovid-19 бар науқастар ағынының күрт өсуіне байланысты құлдырау болуы мүмкін деп мәлімдеді. Ол Үндістанның коронавирус штаммы елде белсенді түрде таралатынын атап өтті.






10 тамыз 2021 ж. 365 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031