Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар су тасқыны болатын аймақтарды атады

Ғалымдар су тасқыны болатын аймақтарды атады

ХХІ ғасырдың басынан бастап су тасқынынан зардап шеккендердің саны 24 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш ғалымдар болжағаннан он есе көп. Cloud to Street компаниясының мамандары бүкіл әлем бойынша су тасқыны саны күрт өсуін болжамдайды, деп жазады Egemen.kz Nature журналына сілтеме жасап.

Жаңа зерттеуді Cloud to Street компаниясының мамандары жүргізді. Спутниктік бақылау нәтижелері бойынша олар су басу қаупі жоғары аудандардағы халықтың өсуі осы аумақтардың экономикалық дамуына байланысты екенін анықтады.
«Халықтың осал топтарының көбінесе су тасқыны аймағында орналасудан басқа амалы жоқ», деп түсіндірді сарапшылар
Зерттеу мәліметтері бойынша, 2000 жылдан бастап 2018 жылға дейін су тасқыны бүкіл әлемде 2,23 миллион шаршы шақырымға әсер етті, бұл 255-тен 290 миллионға дейін адам зардап шеккенін білдіреді. Су тасқынының 90 пайызға жуығы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, әсіресе Инд, Ганг-Брахмапутра және Меконг сияқты ірі өзендердің бассейндеріне келеді. Сонымен қатар спутниктік деректер Латын Америкасының оңтүстігінде, Таяу Шығыста және Сахараның шығысындағы Африка елдерінде су тасқыны аймағының ұлғаюын көрсетеді.
Cloud to Street 2030 жылға қарай климаттық және демографиялық өзгерістерге байланысты су тасқыны тағы 25 елдің тұрғындарына әсер ететінін айтады.

05 тамыз 2021 ж. 446 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930