Әлем елдерінде балаларға вакцина салынды
Бала екпе салдырамын десе рұқсат. Ата-ана қарсы болса да вакцина егіледі. Италия осындай қадамға барып отыр.
Ал Эстония вакциналауды сабақ басталысымен тура мектептің ішінде жүргізбек. Біріккен Араб Әмірліктері болса жасы 3-тен асқан бүлдіршіндерге де екпе егуге рұқсат берді. Әлемде балаларды вакциналау науқаны қалай жүріп жатыр? Украинада енді жеткіншектер вакцина салдыра алады. Әзірге 5 баланың екпе қабылдағаны белгілі. Кейбірі мұны шетелге оқуға бару үшін жасатқан. Созылмалы ауруы бар бала да вакцина салдыртқан. Себебі мұндай жасөспірімдер коронавирус жұқтырса, ауру одан әрі асқынып кетуі мүмкін. Ата-аналары осыған алаңдап, алдын ала қамданған. Италияда екпе салдыру үшін ата-ананың рұқсаты қажеті емес. Шешімді баланың өзі қабылдай алады. Боиэтика жөніндегі ұлттық комитет осындай мәлімдеме жасады. Яғни екпеге әке-шешесі қарсы болып, ал жеткіншектің өзі препарат салдырамын десе, онда баланың шешіміне басымдық беріледі. Сөйтіп Аппенин түбегінде жасы 12-ден асқан тұрғындар екпе қабылдай алады. Мұнда мамырдан бастап Файзер-Байонтек препараты қолданылған. Тақауда америкалық Модерна компаниясының өнімін де пайдалануға рұқсат етілді. Билік осылайша жаңа оқу жылының басына дейін балалардың біраз бөлігін екпемен қамтуды көздеп отыр. Эстония билігі де жаңа оқу жылына дейін ата-аналарға балаларын вакциналау науқанына белсендірек қатыстыруын сұрап отыр. Бұл бағытта елдегі екінші ірі қала - Тарту жақсы нәтиже көрсетті. Мұнда 12-17 жас аралығындағы тұрғындардың шамамен жартысы препараттың бірінші дозасын қабылдап үлгерген. Мамандар қыркүйекке дейін ол көрсеткішті 70 процентке жеткізуді көздейді. Ал жаңа оқу жылы басталғанда, балалар мен мұғалімдер басқа жаққа барып, әлекке түспеу үшін вакциналау мектептің ішінде жүргізіледі.
[video=]