Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Германия мен Бельгияны тасқын су басты

Германия мен Бельгияны тасқын су басты

Бельгияда қаза тапқандардың саны 11 адамға, Германияда 58-ге жетті, мыңнан астамы із-түзсіз жоғалып кетті. Бельгияда ұзаққа созылған нөсерлі жаңбырдың соңынан болған су тасқыны салдарынан қаза болғандар саны 11 адамға жетті, тағы төртеуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығынан көп зардап шеккен Льеж, Намур, Валлон Брабант провинциялары болып тұр. Сонымен қатар, топан су Люксембург, Антверпен және Фламандиялық Брабант провинцияларына да айтарлықтай зиянын тигізген. Жүздеген жеке үйлер мен бірнеше көпірлер қирап, тұрғын үйлер мен жолдарды су басты. Кейбір елді мекендердің билігі тұрғындарды үйлерінен қауіпсіз аймаққа көшуге шақырды. Валонияда теміржол қатынасы тоқтатылды. Ауа-райының жайсыздығы электр, газ және телефон желілерінің жұмысын бұзып, пошта жеткізілімдерінің жолын кескен. Қазіргі уақытта ауа райының тосын мінезімен күресуге әскерилер қосылып, олар ең көп зардап шеккен елді мекендерден халықты эвакуациялаумен айналысуда. Бельгия ішкі істер министрі Аннелис Верлинден елдегі қолайсыз климаттың салдарымен күресу үшін ЕО азаматтық қорғау механизмін іске қосты.
16 шілде 2021 ж. 936 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 101

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 105

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 77

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031