Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жыл – Халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес жылы

2021 жыл – Халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес жылы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова, Түркістан және Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары Арман Сәбитов пен Ермек Алпысов, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк және басқалар қатысты.

Отырысты ашқан Ақмәди Сарбасов 2021 жыл Халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес жылы деп жарияланғанын атап өтті.

Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) деректері бойынша жұмыс істейтін балалар саны соңғы онжылдықта 38%-ға қысқарған, алайда 152 млн бала бұрынғысынша балалар еңбегіне тартылған.

«Балалар еңбегі баланың денсаулығына қауіп төндіретін немесе оның білім алуына кедергі келтіретін не оның денсаулығы мен физикалық, ақыл-ой, рухани, моральдық және әлеуметтік дамуына нұқсан келтіретін жұмысты білдіреді. Балалардың проблемаларын шешу ұлттық басым міндеттердің бірі болып табылатыны кездейсоқ емес», деді вице-министр.

Қазақстан ХЕҰ-ның «Жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы туралы» және «Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және оларды жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы» негізгі конвенцияларын ратификациялады.

Сондай-ақ республикада балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары іске асырылуда, олар:

- балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күресуге;

- мәжбүрлі еңбекті, оның ішінде мақта алқаптарында, темекі плантацияларында, құрылыс және өзге де объектілерде балалар еңбегін пайдалануды болдырмауға, бала еңбегін пайдалануға жол бермеуге мемлекеттік бақылау жүргізуге;

- құзыретті органдар арасында адам саудасы мен балалар порнографиясына байланысты және осындай қызметтерге сұраныс тудыратын бұқаралық ақпарат құралдарындағы және Интернеттегі жарнамалық хабарландырулар мен ақпараттық материалдарға қатысты мониторинг жүргізуге және деректер алмасуға бағытталған.

Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар (еңбек инспекциясы, прокуратура, білім басқармасы) жүзеге асырады.

«Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру барысында 2019 және 2020 жылдары кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың 5 фактісін анықтады, олар бойынша жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылы СҚО-да 1 факт анықталды, ол бойынша да заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР БҒМ мәліметінше, 2020 жылы «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 136 факт анықталды, сонымен қатар бұл фактілер бойынша ақпарат жұмыс берушілерге қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті еңбек инспекцияларына берілмеген», деп хабарлады Ақмәди Сарбасов.

Талдау көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалануға көбінесе жазғы демалыс кезінде рұқсат етіледі. шағын бизнес субъектілерінде, базарлардағы сауда орындарында, көлік жуу орындарында және автокөлік құралдарын жөндеу станцияларында, қоғамдық тамақтану пункттерінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар еңбекке тартылған. Ең көп таралған бұзушылық - еңбек шартының болмауы.

Отырыс барысында Түркістан және Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары 2020 жылы Балалар еңбегін пайдаланудың анықталған резонанстық жағдайлары туралы хабардар етті. ҚР БҒМ және ҚР ІІМ өкілдері балалар еңбегін пайдалану мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Талқылауды қорытындылай келе Ақмәди Сарбасов:

- 2020-2022 жылдарға арналған балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды;

-үйлестіру кеңесінің жоспарына сәйкес өңірлерде, кәсіпорындар мен ұжымдарда тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді және жүргізуді;

- табысы аз отбасыларды анықтауды қамтамасыз ету және олардың кедейлік жағдайынан шығуы үшін кешенді көмек көрсетуді («Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастыру, гранттар беру және т. б.)

- ҚР БҒМ тоқсан сайын ҚР Еңбекминіне балалар еңбегінің анықталған фактілерінің саны туралы ақпарат жолдауды;

- ҚР ІІМ көрсетілген отбасылардағы балалардың құқықтарын қорғау үшін ҚР Еңбекминіне және БҒМ-ге қолайсыз отбасылар туралы ақпарат жолдауды;

- ҚР Бас мемлекеттік инспекторы балалар еңбегінің ең нашар түрлерін анықтау мәселесі бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды ұсынды.
01 маусым 2021 ж. 1 441 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930