Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өлім зауыты

Өлім зауыты

Польша жерінде каннибализмнің жиіркенішті үлгісін көрсеткен Освенцим (Аушвиц) лагері орналасқан. Кіреберісінде «Arbeit macht frei», яғни «еңбек адамды еркін етеді» деп жазылған. Сөз жүзінде еркіндікке шақырғанмен, шын мәнінде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде халықты майдансыз-ақ жоюға ашылған жол болды.
1942 жылдың 15 мамырынан 1943 жылдың 15 қазанына дейін жұмыс істеген орын өлім зауытына айналып үлгереді. «Рейнхард» операциясы негізінде құрылған лагерьге Литва, Нидерланды, Франция, Чехословакия және КСРО елдерінен тұтқындалған немістер жек көрген еврей мен цыгандар жеткізіліп отырған. Осындай тәртіппен бір жарым жылда 250 мың адам өмірден озады.
Тұтқынның бірі болған Александр Печерский есімді кеңес офицерінің бастауымен ұйымдастырылған көтеріліс қана азғындықтың тұрақты жұмысын тоқтатады.
Лагерьдің қатаңдығына төзе алмаған еврейлер бірнеше рет қашуға тырысады. Тек бір ғана тұтқынның қалауы іске асады. Ол тауар артылған вагонға жасырынып, Хелм қаласына дейін жетеді. Сосын жүрген жерінде «жұмыс орнының» қатаң тәртібі мен адам өлімі туралы ақпарат тарап кетеді. Сол күннен бастап лагерь азабын көргенше өлуді таңдағандар да көп болған деседі. Концлагерь адам өлтірудің түрлі процестеріне қарай бірнеше блокка бөлінген.
1941 жылы 3 қыркүйекте 11-блокта газбен уланудың алғашқы сынағын өткізіп, 600-ге жуық кеңес тұтқындарын өлтірді. Алғашқы күннен кейін нацистер камераға кіріп, тұтқындардың әлі де ауыр азаптанып, өлмей жатқанын көрді. Содан кейін олар газ дозасын арттырып, екінші күні бәрі қайтыс болды. Сынақ сәтті деп танылды және газ камерасы мен крематорийге арналған жаңа блок салынды. Камера 1941 жылдан 1942 жылға дейін жұмыс істеді, содан кейін қайтадан бомба қоймасына айналды.
Камералар жер астында, ал мәйіттерді жағатын пештер олардың үстінде орналасқан. Лагерь күзетшілері адамдарды моншаға баратынына сендіргендіктен соңғы сәтке дейін олар өз өлімінен бейхабар болды. Бірінші бөлмеде тұтқындар киімдерін шешіп, келесі тар бөлмеге жіберілді. Бірден 2000-ға жуық адам кірген соң есіктер мықтап жабылып, газдың жоғары дозасы беріледі де, 15-20 минуттан кейін барлығы қайтыс болады. Өлтірілгендердің алтын тістері, зергерлік бұйымдары алынып, шаштары кесілді. Ал шешілген киімдердің тәуірлерін жинап, кейін майдан шебіндегі неміс офицерлеріне таратып отырған.
Осыдан кейін мәйіттер арнайы пештерге жеткізілді, онда от үнемі жанып тұрды. Егер пештер жұмыс істемесе, крематорийдің артында от жағылды, сөйтіп, қалған денелер өртелді. Барлық жұмыстарды тұтқындардың бір бөлігі орындады, бірнеше айдан кейін міндет басқа тұтқындарға ауысып, олар да өлтірілді.
“Циклон в” – бұрын жәндіктер мен зиянкестерді жоюға қызмет еткен газ. Бөлме температурасында іске асатын процесс адамға байқалмай әсер ететін еді. Неғұрлым жылы болса, соғұрлым тезірек газ шығады, сондықтан немістер газ камераларына көп адамды бірден кіргізді.
Комендант Аушвиц Рудольф Гесстің айтуынша, 1500 адамды өлтіру үшін шамамен 5-7 кг газ қажет болған. Бір таңқаларлығы, бұл зат 1922 жылы ұлты еврей Фриц Габердің басшылығымен ойлап табылған. Оның отбасының кейбір мүшелері де «өлім зауытында» қайтыс болды.
Лагерь орнында қалған мұражайдың ең ауыр “экспонаттарының” бірі – қайтыс болған адамдардың шашы. Соғыс біткен соң қоймадан 7 тонна шаш табылады. Фашистер шашты тор, мата, басқа да тұрмыстық заттарды жасауға қолданған екен.
Бөлмеде бір сәтте 2-3 мәйіттің күл-паршасын шығара алатын 3 пеш салынды. Ал бір бөлмеден күніне 350-дей адам денесі өртеліп, сыртқа шығарылған.
Лагерьдегі “731-бөлім” азғындықтың шектен шығуымен танымал. Әскерилер арнайы тапсырмамен тұтқындалған әйелдерді жүкті етіп, кейін оларға түрлі эксперименттер жасалған. Әйел мен сәбидің ағзасына жұқпалы және қиын ауруларды жұқтыртып, кейін шала туылған нәрестені оның инфекциялармен қалай күресетінін көру үшін бірден алып тастап отырды. Нәтижесінде әйелдер де, балалар да қайтыс болды.
Кеңінен қолданылған тағы бір әдіс – адамдарды мұздатқышқа орналастыру. Жан түршіктірер әрекеттен соң тұтқындардың аяқ-қолдары қатты үсік шалып, біразы сол жерде қайтыс болды. Ал тірі қалған адамдарды терінің және бұлшықеттің тіндерге әсерін зерттеу үшін ағзасын кесіп алатын еді. Лагерьдің азабына шыдамағандардың көбі өзін-өзі өлтірудің жолдарын іздейтін көрінеді.
«731-де» жүргізілген әдістің тағы бірі – электрмен тәжірибе. Немістермен біріккен жапондық дәрігерлер тұтқындарды электр тогымен ұрып, электродтарды басына немесе денесіне бекітіп, бірден үлкен кернеу берді. Тәжірибеден өткендер өзін қуырылып жатқандай сезінгенін айтқан. Тіпті, ішкі ағзаның кей бөліктері қайнау дәрежесіне жетіп, тұтқынның жаны қиналған. Осындай адам сенгісіз амалдардан өзге тұтқындардың біразы аштыққа шыдамай, қиналып өлген.
Статистика бойынша өлім зауыты аз ғана уақыт ішінде 1,1 миллион адамды жоқ қылған. Оның 90 проценті – еврейлер. 1947 жылдан бастап концлагерь соғыста қаза тапқан немістердің құрметіне мұражайға айналып, әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.
Ал Сталиннің саясаты бойынша, соғыс аяқталып, еліне оралғандарды «сатқындығы» үшін ГУЛАГ-қа айдаса, олардың жанұясы репрессияға ұшырады. Туған-туыстары қорыққаннан аты-жөнін ауыстырып, басқа жаққа көшуге мәжбүр болған.

Дина БӨКЕБАЙ
07 мамыр 2021 ж. 1 281 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930