Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АБАҚТЫДА АЖАЛ ҚҰШҚАН

АБАҚТЫДА АЖАЛ ҚҰШҚАН

Неміс-фашист басқыншыларының Кеңес Одағына тұтқиылдан жасаған шабуылы миллиондаған жазықсыз жанның өмірін жалмаған. Қан майданда хабарсыз кетіп, жат елде қаза тапқандар жайлы беймәлім болған тың деректер әлі де табылуда. Солардың бірі – менің қолыма түскен Өзбекстанның Карши қаласынан арнайы жіберілген хат. Оның авторы Фуат Ильдарұлы Хабибулин өзінің туысы, қазалылық Фуат Сайфульмулюков (салынған суретін қоса жіберіпті) туралы тың мағлұматтарды хабарлайды. Оның мазмұны төмендегідей.
Плетцензенің берлиндік түрмесінде Үшінші рейхтың империялық сотының 1944 жылдың 25 тамызындағы үкімімен тарихқа жәлилдіктер деген атпен белгілі «Идель – Урал» легионындағы татарлардың астыртын тобының 11 мүшесі фашистердің ойлап тапқан қылмысты адамдардың басын шауып алуға арналған құрал – гильотиномен өлтірілген. “Жазалау» колоннасында оның себептері: «Әскери қызметтен қашу», «Жауға ықпал ету», «Әскери күшті жою», «Әскери сатқындық», тіпті «Ақпаратты хабарламау» деп көрсетілген. Дрезденде орналасқан империялық соттың 1944 жылғы 12 ақпандағы үкімінің көшірмесі тек XXI ғасырдың басында ғана Праганың мұрағатынан табылған. Бұл құжат «Құрмашев және басқа он адам» деп аталады.
Осы уақытқа дейін гитлершілер құрған Кеңес Одағы тұтқындарынан құралған «Идель – Урал» легионының астыртын ұйымы қызметі басшысының кім болғаны ғана емес, сонымен бірге бұл әскери тұтқындардың Рейхке қандай нұқсан келтіргендері туралы да әртүрлі пікірлер айтылып келді.
Аталған топ мүшелері 1990 жылғы 5 мамырда ақталды. СССР Президенті М.С.Горбачевтың жарлығымен астыртын антифашистік топтағы патриоттық іс-әрекеттері мен табандылығы және ерліктері үшін олар қаза тапқаннан кейін Отан соғысының I-ші дәрежелі орденімен марапатталды. Олардың қатарында Гайнан Құрмашев, Муса Жәлел, Абдулла Алиш, Фуат Сайфульмулюков, Фуат Булатов, Гариф Шабаев, Ахмет Симаев, Абдулла Батталов, Зиннат Хасанов, Ахат Атнашев, Салим Бухаров есімі аталады.
Гитлерлік тергеушілердің анықтағанындай, олардың әрқайсысы «Идель – Урал» легионының соғысқа жауынгерлік дайындығының іштей ыдырауында біршама рөл атқарған. Антифашистердің іс-әрекет нәтижесінде легионның 825-ші батальоны 1943 жылдың ақпанында Витебскі түбіндегі партизандар жағына өтіп кеткен. Францияға жіберілген қалған 30 мың легионер осы мемлекеттің фашистерден азат етілуіне атсалысқан.
Гайнан Құрмашевтың астыртын ұйымда әскери бестіктер құрғаны, олардың жұмысын үйлестіріп, бағыттап және жаңа мүшелерден Отанға адалдық туралы ант қабылдап отырғаны құжаттармен дәлелденген. Муса Жәлел әскери тұтқындардың лагерьлеріне концерттік топпен барып, жерлестеріне өзінің өлеңдерімен олардың Гитлерге қызмет ететін шахид – мұсылмандар емес, татарлар-ресейліктер екенін естеріне салып отырған.
Ахмет Симаев Берлиндегі СССР халықтарының тілінде радионасихат жүргізген «Винета» радиостанциясында диктор болып жұмыс істеген. Мұнда СССР халқының тілдерінде радиоүндеу жүргізіліп отырған. Ол радионың көмегімен майдандағы оқиғалар жөнінде Совинформбюро хабарламалары бар үндеухаттар дайындаған.
Зиннат Хасанов әнші және оқушы-декламатор ретінде өнер көрсете жүріп, үндеухаттар таратып, ұйымның топтары арасында байланыстырушы қызметін атқарған.
Абдулла Алиш «Идель – Урал» газетінің редакциясында жұмыс істеуге келісе отырып, баспаханаға еркін кіріп, онда антифашистік үндеухаттарын баспада басуға мүмкіндік алған. Ол сонымен бірге болгарлық антифашист-студенттермен және Германияға айдалған Кеңес адамдарымен байланыс орнатқан.
Абдулла Батталов, Фуат Сайфульмулюков, Фуат Булатов, Гариф Шабаев, Салим Бухаров антифашистік үгіт-насихат жүргізуде белсенді қызмет атқарған.
Сондай-ақ қосымша жіберілген құжатта «Құрмашев және басқа да 10 адам» астыртын тобы жайлы Википедия еркін ­энциклопедиясынан алынған мәліметтер бар. Бұған дейін соғыс кезінде Дрезденді бомбалау кезінде бұл құжаттар жоғалған болып есептеліп келген.
Құжатта барлық ұлттық батальондағы (14 түркістандық, 8 әзірбайжандық, 7 солтүстік кавказдық, 8 грузиндік, 8 армяндық, 7 волгалық татарлар) легионерлер астыртын ұйымның тапсырмасы бойынша партизандармен хабарласып, жалпы көтеріліс жасауға уақыттарын белгілеп, уағдаласқан. Немістер бұл жоспарды біліп қалуына байланысты уақыттарынан бір сағат бұрын көтеріліс басшыларын тұтқындаған. Соған қарамастан Хусайн Мұхамедов бастаған 500-600 легионер көптеген қару-жарақтарымен партизандар жағына өтіп кеткендігі айтылған.
Тек 2 батальон взводы (оларға хабарлама беріп үлгермеген) және тұтқындалған легионерлер ғана қаша алмаған. Қалғандары жедел түрде тылдағы басқа бөлімшелерге қосылған.
Міне, Ұлы Отан соғысында неміс-фашистерінің тұтқындағы жазықсыз жазалағандар жайлы жаңа деректер осындай.
Мен осыдан жарты ғасырдай бұрын аудандық «Ленин туы» газетінде осы Ф.Х. Сайфульмулюков туралы «Моабиттың бір батыры» деген тақырыппен көлемді материалды оқырмандар назарына ұсынған едім. Ол жайлы деректерді Қазалы қаласының тұрғыны, ұзақ жыл Ғани Мұратбаев атындағы мектепте математика пәнінен сабақ берген Нұрания Әбубакировамен әңгіме барысында алған болатынмын. Жоғарыдағы хат шынында да қазалылық Ф.Х.Сайфульмулюковтың Ұлы Отан соғысы кезінде Берлин қаласындағы түрмеде айуандықпен өлтірілгенін тағы да дәлелдей түседі.
Шамша АЙТУҒАНОВ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі
02 маусым 2020 ж. 509 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930