Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық «денсаулық төлқұжаты» ресми енгізілді

Халықаралық «денсаулық төлқұжаты» ресми енгізілді

Қытайдағы WeChat мессенджерінде «Туризмге арналған халықаралық денсаулық сертификатының» қытайлық нұсқасы бар мини-бағдарлама ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық денсаулық сертификатының қытайлық нұсқасы – бұл егжей-тегжейлі мәліметі бар құжат. Онда нуклеин қышқылы мен IgG антиденелеріне тапсырылған тест қорытындылары және COVID-19 вирусына қарсы вакциналау статусы көрсетіледі.
Сертификаттың растылығын тексеру және турист жайында мәліметтермен танысу үшін шетелдік мемлекеттердің кез келген ведомствосы QR-кодты сканерлейтін болады.
Денсаулық сертификатын электрондық нұсқада смартфонмен көрсетуге болады. Сондай-ақ оны қағазға басып шығарып, бірге алып жүруге рұқсат.
«Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып, пандемиядан кейінгі уақытта халықаралық қызметкерлер алмасуда денсаулық факторының маңыздылығы ерекше байқалатын болады. Алдағы таяу болашақта әлем елдерінде денсаулық сертификаттарын өзара тану үрдісінің артуына қарай, «Туризм үшін халықаралық денсаулық сертификатының» қытайлық нұсқасы түрлі елдер адамдарының салауатты әрі қауіпсіз араласуына септігін тигізетін болады», – делінген ҚХР СІМ Консулдық қызмет департаментінің WeChat-тағы мәлімдемесінде.
09 наурыз 2021 ж. 2 573 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031